Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Праймериз кандидаттары арасындағы пікірсайыс қыза түсті

AstanaTV
16.09.2020ж. 20:00
2999
Праймериз кандидаттары арасындағы пікірсайыс қыза түсті

"Нұр Отан" праймеризі кандидаттары арасындағы пікірсайыс, өңірлерде жалғасыс жатыр. Бүгін   Атырау, Алматы, Павлодар мен Қостанай қалаларындағы үміткерлері бақ сынады. Саяси додаға қатысушылар өз аймақтарындағы түрлі түйткілді мәселелерді көтеріп, оңтайлы шешу жолдарын ортаға салды.

Атырау облысындағы Махамбет ауданында өткен праймериз қатысушыларының арасындағы пікірталасқа партияластары әлеуметтік желі арқылы сауал жолдады. Олар үміткерлерге мемлекет деңгейіндегі келелі мәселелерді емес, ауылдағы шешілмей жүрген басты проблемаларға назар аударуды сұрады. Халықты таза ауыз сумен қамту, кәріз желісін жүргізу, мүмкіндігі шектеулі жандардың өз кәсібін ашу секілді мәселелер көтерілді.

Руслан ӘЖЕНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Пікірсайыс ,өзімнің ойымша, жақсы тартысты өтті. Аудан бойынша 29 үміткер тіркелді. Оның ішінен 2 еуі Облыстық Мәслихатқа және 1еуі Парламент Мәжілісіне депутаттыққа ұсынылып отыр.

Алматыда «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушылар саны бойынша, Медеу ауданы көш басында. Мұнда 49 кандидат партияішілік бәсекеге қатысуда. Аудандағы ашық дебат екінші күн қатарынан өткізіліп жатыр. Үміткерлердің көбі ұстаздар, дәрігерлер және шағын және орта кәсіп өкілдері. Аудандағы жас кандидаттардың үлесі  30 пайыз.

Олжас ШӘРІПОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕДЕУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Праймериз – ауданымыздағы, қаладағы елдің бүгіні мен ертеңі үшін еңбек етуге дайын адамдардың көп екенін көрсетті. Партияішілік бәсекеде жеңген кандидаттар жігерленп, алдына қойған мақсатын абыроймен атқарады, деп ойлаймын. Бұл үлкен жаңашылдық.


Павлодарлық кандидаттарда жергілікті мәселелерді ортаға салды. Жалпы облыс бойынша 612 үміткер 89 топқа бөлініп, пікірсайыс алаңына шықпақ.

Марат НЫҒМЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 
Олар пікірсайыста өздерінің алға қойған бағдарламаларын талқылап, жатыр.+ Жалпы біздің өзіміздің мақсатымыз жаңағы арасындағы біріне-бірі қарама қайшылық келмейтіндей, тәртіп бұзбайтындай айқын пікірталас болуын қадағалаудамыз.


Қостанай қаласында да бүгін праймеризге қатысушылардың екінші легі сөз жарыстырды. 7 үміткер өздерінің сайлау алды бағдарламаларын әлеуметтік желі арқылы әлеуметке ұсынды. Облыс бойынша осы тектес 164 жарыссөз өткізу жоспарда бар. Оған 833 кандидат қатысады.

З. Санай, Б. Нәдірқызы, Ө. Қуанар, А. Кемелжан