Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қару ұрлады, деп айыпталған сержант 10 жылға сотталуы мүмкін

AstanaTV
17.09.2020ж. 20:00
1905
Қару ұрлады, деп айыпталған сержант 10 жылға сотталуы мүмкін

Түркістан облысындағы әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлады деп айыпталып отырған, кіші сержант Абылай Балғынбай 10 жылға сотталуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы осынша мерзім беруді сұрады. Бас әскери прокуратураның прокуроры Асылбек Темірбековтің айтуынша, айыпталушы мемлекет мүлкін ұрлап қана қоймай, қымбат бағаға сатқаны толық дәлелін тапқан. Сондай-ақ, ұрланған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді сатып алмақ болды деген күдікті 6-уына, 8 жылдан жаза арқалауы мүмкін. Тағы біреуіне 5 жыл сұрады. Соңғысының қылмысты ашуға белсене атсалысуы, жазасын жеңілдетуге сеп болғанын прокурор атап өтті.

Асылбек ТЕМІРБЕКОВ, ҚР БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Қазіргі уақытта аталған сотталушыларды кінәлі деп тануға жеткілікті дәлелдеме бар деп есептеймін. Жеткілікті дәлелдеме бар деп есептейтінім Мәлік, Қамбар және Шатайдың әрекеттері. Ол оқиға болған күні, соңғы автоматтарды алып шығатын күні ол әрекет айтылмағанмен, бейнежазбаға түсіріліп, кім қандай роль атқарғаны сол жерде көрініп тұр.


Еске салайық, биыл ақпанда Ордабасы ауданы Бадам ауылы маңындағы әскери бөлімнен қару-жарақтар ұрланды. Сол сәтте кіші сержанттың қызмет орнын тастап кеткені белгілі болған еді. Арада күн өтпей күдікті Абылай Балғынбай Алматы қаласынан ұсталған болатын.

А. Төребекқызы