Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда 30 жылдан бері ауыз сусыз отырған мөлтек аудан бар

AstanaTV
17.09.2020ж. 20:00
2275
Алматыда 30 жылдан бері ауыз сусыз отырған мөлтек аудан бар

Алматыда 30 жылдан бері ауыз сусыз және көгілдір отынсыз отырған мөлтек аудан бар. Көкшоқы халқы бүгін арнамызға хабарласып, көмек сұрады. Айтуларынша газ құбыры ауданға екі жыл бұрын тартылған. Бірақ әлі, үйлеріне кіргізе алмай отыр. Ал суды, көпқабатты үйдегіЛерде даладан тасып ішіп отырмыз,- дейді. Тындап көрейік.

КӨКШОҚЫ МӨЛТЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Газ жүретін құбырлар кіреберіске дейін тартылды. Сол қалпы 2 жыл газ берілмей отыр. Тиісті мекемелерді, әкімдіктің есігін тоздырып, тек уәде ғана алып, қайтып жүрміз.

Серік ӘДІЛБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кеш жарық! Көкшоқы, Алмарасан ықшам аудандары Іле алатауы аумағында орналасқан. 2014 жылы Алматы облысынан Алматы қаласы аумағына өткізілген болатын. Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасымен газ құбырлары тартылған. Өткен аптада мердігер компания толық тексерістен өткізді. Енді тұрғындар ҚазТрансГаз-ға жүгініп, газ кіргізуіне ешқандай кедергі жоқ.

Осы мәселе бойынша Алматыдағы Бостандық ауданына хабарласып көрейік. Бізбен тікелей байланыста аудан әкімінің орынбасары Серік Әділбаев бар екен. Серік мырза, қайырлы кеш! Бұқараның шағымынан хабарыңыз бар болар. Келіп тұрған көгілдір отынның халық шапағатын неге көре алмай отыр? Су да жоқ дейді.

Серік ӘДІЛБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бір аптаның көлемінде тұрғындар "техусловия" алып, ішкі инженерлік желілерін қалпына келтіріп, газ  құбырына қосылады. Алдымыздағы жылу беру маусымына дейін толығымен қосылып, бітеді.

Сұхбатыңызға рақмет, Серік Бикенұлы. Жылдар бойы шешілмей келе жатқан судың жырын шешуге жәрдемдесесіз деп сенейік. Көкшоқы ауданы тұрғындарының проблемасын бізде өз бақылауымызға алатынымызды, айта кетейін. Қымбатты көрермен, сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ