Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматы облысының Талғар ауданында праймеризге қатысушы кандидаттар арасында ашық дебат өтті

AstanaTV
17.09.2020ж. 20:00
3549
Алматы облысының Талғар ауданында праймеризге қатысушы кандидаттар арасында ашық дебат өтті

Алматы облысына қарасты Талғар ауданында партияішілік праймериз кандидаттарының ашық дебаты басталды. Ауданнан жалпы алғанда 77 кандидат тіркелген. Олар, бір-бірімен күніне екі рет кездесіп онлайн форматта ашық дебат өткізіп жүр. Пікір талас кезінде үміткерлер, сайлау алды жобаларын ортаға салып, тұрғындар сұрақтарына жауап береді.

Бақыт КҮРІШБЕКОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы, Талғар ауданы бойынша 14 сайлау учаскесі бар бізде. Оның бәрі тек қана онлайн өтеді праймериз 2020 жүйесі арқылы. Оған 4700 партия мүшесін тіркеу жұмыстарын аяқтадық.


Кандидаттар арасындағы ашық дебат осы күні Алматыдағы Бостандық ауданында өтті. Праймеризге ауданнан 37 кандидат тіркелген. Бұл бәсекелестігі жоғары учаскелердің бірі. Мұнда бір орынға бес үміткерден түсіп отыр.

Баймурат ЖАМБЫЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Дебат болып жатыр. Бүгінгі үшінші топ алты-алты адамнан үшінші рет өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта тағы төрт топ алты-алты адамнан болып осы жерде дебатқа түсетін болады.

А. Кемелжан