$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жазасын өтеушілердің әрбір үшіншісі колонияда білім алады

AstanaTV
22.09.2017ж. 20:00
2621
Жазасын өтеушілердің әрбір үшіншісі колонияда білім алады

Бас бостандығынан айрылған азаматтар жазасын өтеп шыққан соң, өмірге қалай бейімделіп жатыр? Осы тақырып Көкшетауда өткен «Нұр Отан» партиясы республикалық көшпелі комиссиясының отырысында талқыланды. Партия өкілдері мен мәжіліс депутаттары түзету орындарына барып, ондағы жазасын өтеушілердің жай-күйне қанықты. Ақмола облысының Гранитный кентіндегі жалпы түзету колониясында сотталушылардың білім алуына жақсы мүмкіндік бар. Жазасын өтеуші 500-дей азаматтың әрбір үшіншісі білімін жетілдіріп жатыр. Олардық арнаулы орта білім бойынша мамандық алуына жағдай жасалған. 

Евгений Козлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бас бостандығынан айырылған азамат жұмыспен, оқумен қамтылса, ертең бостандыққа шыққанда өмірге тез бейімделеді. Жұмыс істеуден жалтармайды. Сондықтан олардың жұмыс істеуі, тағы қосымша білім алып шығуы артықтық етпейді.