$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Мектеп оқушысынан коронавирустық инфекция анықталды, - ДСМ

AstanaTV
18.09.2020ж. 20:00
2716
Мектеп оқушысынан коронавирустық инфекция анықталды, - ДСМ

Коронавирустық инфекция мектеп оқушысынан анықталып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі келтірген ақпаратқа қарағанда, 9 сыныпта оқитын жеткіншек қашықтан білім алады. Яғни, жасөспірім індетті отбасы мүшелерінің бірінен жұқтырған. Әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.

Ведомстваның ресми өкілі бірнеше күннен бері қоғамның қызу талқысына түскен пневмонияның статистикасына нүкте қойды. Бұл сандар тамыздың 1-нен бергі адамдардың жалпы жиыны болып шықты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған мәліметтегі 137 мың науқас, ол біздегі бөле-жарып отырған қос аурудың қосындысы екен. Сонымен қатар, жазда 24 мың адамның қауіпті індеттен көз жұмғандығы туралы сұраққа да үйтіп-бүйтіп мынадай жауап алдық.

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл ақпаратты бізде алдық Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары. Бұл ақпарат әлі растамады. Дегенмен, қазір статистикалық есептеулер әлі өткізілуде. Нақты бұл ақпарат дайын болған кезде біз жауабын береміз.

Қазақстанда COVID-19-бен қайта ауыру жағдайы тіркелген жоқ. Сонымен қатар, коронавирустың жас талғамайтынына көзіміз жетіп отыр. Қазіргі таңда бұл індеттен 40 бала ем қабылдауда. Әзірге бізде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында өлім жағдайы расталмады. Бірақ, көрші Өзбекстан бүгін 11 жастағы баланың қайтыс болғандығы туралы жариялады. Бұдан бөлек, індетпен қатарласа келген ковасакий синдромына 35 бала шалдығып үлгеріпті.

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Құдайға шүкір әлі бірде бір бала осы ковасакий синдромымен анықталған жоқ. Қосымша айтайын дегенім 35 баланың 31-і аман-есен емделіп үйіне қайтты. Қалған 4 бала қазіргі уақытта емделіп жатыр.  

Кадрларын ауыстырудан шаршамайтын министрлік, жақында ғана бас санитарлық дәрігер қызметін атқарған Айжан Есмағамбетованы қызметінен босатты. Оны Бағдат Қожахметов былай түсіндірді:  

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл қадам Бас санитар дәрігерінің мәртебесін көтеру мақсатында жасалғанын атап өткен жөн. Өздеріңіз білесіздер, енді Бас санитар дәрігер вице-министр лауазымын да қоса атқарады. Осы шаралар бұл салаға ерекше назар аударуға және Қазақстанда санитарлар мен эпидемиологтардың жұмысын жақсартуға ықпал етеді.

Айта кетейін, коронавирус бойынша елде ахуал тұрақты. Індетті жұқтыру көрсеткіші тәулігіне 60-70 адамнан аспайды. Сондай-ақ бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша демалыс күнгі шектеу шараларына өзгеріс енгізілмейді.

А. Данияр