Ақтөбеде бір ғасыр бұрын қолданылған жер астындағы ағаш құбырлар табылды. Темір жол вокзалы маңында құбыр алмастырып жатқан құрылысшылар алғашында оны жәй ағаш қалдықтары деп ойлапты. Тексере келе, пойыздарды таза сумен қамтамасыз етуге арналған құбыр екені белгілі болған. Мамандар оның 1900-шы жылдары, Ақтөбеге алғаш пойыз келген тұста, қолданылуы мүмкін дейді. Ағаш құбырдың өте жақсы сақталғанына таңданысын жасырмады. Оның іші-сыртына жағылған шайыр судың ағып кетпеуіне әрі ағаштың шірімеуіне сеп болған.
Ербұлан Бұқарин, жұмысшы:
Екі
жарым метр тереңдіктен трактормен қазып жатқанда, ағаш құбырлар шықты. Бірінші
уақытта түсінбей біздер. Кесіп алып қарасақ, сыртын смоламен істеген, бұрыңғы
уақытта салынған трубалар. Ағаштан жасаған. Сапасы мықты, баяғы сапасын сақтап
тұр.