Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Биыл Астанадағы жұмыспен қамту орталығына 12 мыңдай адам жұмыс іздеп келген

AstanaTV
22.09.2017ж. 20:00
3045
Биыл Астанадағы жұмыспен қамту орталығына 12 мыңдай адам жұмыс іздеп келген

Биылдың өзінде Астананың жұмыспен қамту орталығына 12 мың адам жұмыс іздеп келген.  Олардың 7 мыңы жұмыспен қамтылып үлгерген. Алайда, Астанаға арман қуып, болашағын көрген жастар жұмыс таба алмай қиналып жүргендерін айтады. Осы орайда мемлекет жастарға қандай қолдау көсетпек? Тілшіміз Диана Сапарқызы жұмыссыз жастардың жағдайымен танысып қайтты.

«Көздерiнде от ойнар, Сөздерiнде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемiн!» Осылай деп жырлаған Мағжан ақын жастарға сенсе де, кейбір жұмыс берушілер оларға сенбейді. Астанаға жұмыс іздеп келген жастардың айтуынша, еңбек өтілі жоқ маманды жұмысқа алу қиынның қиыны көрінеді. Оқуды жаңа бітіргендердің дені Елордада жұмыс таба алмай қиналып жүр. Түйіндеме жібереді. Бірақ жауап жоқ. Қоңырау да жоқ. Жәрмеңкеге келгендердің бірі  - Балнұр Иманәлі. Экономист мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүр.

Балнұр Иманәлі:

Жұмыс жағынан көбірек вакансияларды интернетке салып, жастарды шақырып дегендей.  Инстаграмм емайлдан резюмені лақтырамыз. Бірақ ешқандай қоңырау түспейді.

Айжан Мейрамбекқызы:

Екі айдай болды жұмыс іздеп жүрмін. Бірақ бір жұмыстың реті келмей жатыр. Осы жағынан мемлекеттен кішкене көмек болса. Көп жерге барамыз, барлық жерде жұмыс өтілін сұрайды.

Тараздан келген тәжірибесі жоқ Балнұрға Астанада өтіп жатқан бос орындар жәрмеңкесінен жұмыс қарастырып көрдік. Іздеген жұмыс табылды. Нәтиже бар.

Осылайша экономика саласында тәжірибесі болмаса да, мемлекеттік органдар Балнұрға үш жерден жұмыс ұсынды. Жалақысы да жаман емес. Бос орындар жәрмеңкесі осымен 10-шы рет ұйымдастырылып отыр. 60-тан астам жұмыс беруші мамандар іздеп жатыр. 500-дей вакансия бар. Қонақ үй бизнесі саласы, банктер, құрылыс компаниялары бос орындарын ұсынуда. 

Айсұлу Оралова, Астана қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:

Бізде оқуды жаңа бітіргендерге арнайы мемлекеттік бағдарлама бар. Жастар тәжірибесі деп аталады. Мемлекеттік мекемелерде өз мамандығына сай бастапқы тәжірибеден өтіп, тиісті жалақысын ала алады.

Диана Сапарқызы, тілші:

Бүгінгі жəрмеңкеде Астанаға арман қуып келген  60-тан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың дені жастар. Десе де əлі де жұмыссыз жүргендер қаншама. Ал келесі бос орындар жәрмеңкесі 6 қазанда өтеді деп жоспаланып отыр. Ол ерекше жәрмеңке мүмкіндігі шектеулі жандарға арналмақ.