Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылжарда әйнектен секіргісі келген кемпір осыған дейін тұрғын үйді үш рет өртеп жібере жаздаған

AstanaTV
18.09.2020ж. 20:00
3026
Қызылжарда әйнектен секіргісі келген кемпір осыған дейін тұрғын үйді үш рет өртеп жібере жаздаған

Қызылжарда 80-не асқан әжей бүкіл елді дүрліктірді. Ол, терезеден секірмек болып бүкіл көршілерін шошытты. Шүкір. Апамыз аман. Полиция мен құтқарушылар оны аман алып қалды. Күйзеліске түскен әжей суицид жасамақ болды ма әлде оқыс оқиғаға тап болды ма? Тілшіміз анықтап көрді.

Көпқабаттың үйдің терезесінен секіргелі тұрған әжейдің мына видеосы кешелі бері ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Техника дүкені сатушылары мен құқық қорғаушылар әжейді құтқарып әлек. Полиция аға лейтенанты Оразғали Өмірсерік сол күні кезекшілікте болған. Хабар түсе салысымен ол оқиға орнына шұғыл келіпті. Көрпе іздеп, құлағалы тұрған зейнеткерді аман алып қалуға тырысқан. Бірақ әжей көрпеге емес құтқарушыларды қолына құлапты.

Оразғалы ӨМІРСЕК, СҚО ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Дүкен қызметкерлерімен бірге құтқардық. Түсіріп алдық.  Ештеңе айта алмады ол кісі. Бірдеңе пәтерінен іздеп жатты, ақша туралы сұрады. Бірақ ештеңе айта алмады.


Әжейді бұл әрекетке не итермеледі? Өкінішіке орай апамызбен сұхбаттаса алмадық. Сексеннің сеңгірінен асқан қария үйде болмай шықты. Бұл бірінші рет емес екен. Көршілерінің айтуынша, зейнеткер соңғы бір жылдың ішінде үш рет үйді өртеп жібере жаздапты. Қарияның ерсі қылығынан шаршаған көршілер сұхбат берді. Бірақ түрлерін көрсеткілер келмеді.

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әжеге бірнеше рет азық-түлік апарып жүрдім. Оның осы үйде тұрғанына 20 жылдан асты. Бұрын жаман мінезін байқамады. Бірақ өткен аптада электр пешін қосып қойып, үйді өртеп жібере жаздады. Ал оның алдында екі рет газды ашып қойған. Иісін сезіп аман қалдық.


Зенеткердің әрекеті көршілеріне түсініксіз. Негізі Петропавлде түрлі әрекет жасап, өз-өзіне қол салатындар аз емес. Ресми деректерге қарағанда, аймақта жыл басынан бері 43 адам суицид жасапты.

А. Құрманкин