$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей батыс өңірлеріндегі праймериздің барысымен танысты

AstanaTV
18.09.2020ж. 20:00
2557
«Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей батыс өңірлеріндегі праймериздің барысымен танысты

«Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей, іс-сапармен батыс өңірлерін аралады. Ол Оралда кандидаттармен кездесіп, олардың сайлау алды бағдарламаларын тындады. Ал, Ақтөбе облысында сайлау учаскелерінің дайындығын бақылады. Оның пайымынша праймериз халықпен арадағы диалогты жандандырады. Өйткені партияішілік сайлау кезінде жүзден жүйріктер ғана іріктеліп шығады.

«Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденейдің бастысқа жұмыс сапары Оралдан басталды. Аймақта праймериз кандидаттарының жария пікірталасы жүріп жатыр. Дебаттың біріне партия хатшысы да қатысты. Қатысушылардың құрамы әр алуан. Кәнігі депутаттар ғана емес, өмір жолына енді бет түзеген жас буын өкілдері де бар. Партия хатшысы жастардың талабына сүйсінді. Оларды халықтың тұрмысын жақсарту, баспана, жұмыспен қамту мәселелері алаңдатады.   

Әлібек ӘЛДЕНЕЙ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Дебатқа қатысушылар менің ойымша, өз өңірінің озық ойлы азаматтарының бірі тәжірибелеріне қарағанда. Өте сындарлы, салиқалы ойлар айтылды. Біраз сын айтылды. Бірақ қазақтарда бекер айтылмайды ғой, сын айтылмай мін түзелмейді деп. Сол сияқты осындай пікірсайыстардың арқасында ертең Орал азаматтарының проблемалары мен өзекті мәселелері тезірек шешіледі деп сенемін.

Орал қаласы бойынша үміткерлер арасында 79 жарыссөз ұйымдастырылмақ. Нұротандықтар жаңашыл жастарға мүмкіндік берілуі қажет екенін сөз етті. Сондықтан осы праймериз халықпен диалогты қайта жандандырып, өңірлердің түйткілді мәселелерін шешу жолдары қарастырмақ. Олардың ең өзектілері іріктеліп, партияның сайлауалды бағдарламасы қайта жасақталады. Праймеризге қатысушылар үшін ұйымдастырылған семинар-кеңесте де күрмеуі қиын түрлі мәселе көтерілді.

Ерлан САЙЫРОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАҚТАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Орал өңіріндегі жастар белсенді екен. Бүкіл қатысушылардың 37 пайызы жастар. Бұл әрине қуантады. Өйткені Қазақстанның болашағы – жастар. Бүгінгі таңда Қазақстанға ең керекті нәрсе, ол – қоғамдық саяси реформалар. Реформаларсыз ары қарай даму мүмкін емес. Сондықтан осы праймериз біздің елімізде мына реформаларды жасаудың алғышарты.

Ақтөбе облысында да жастар белсенді. Мұндағы кандидаттардың 30 пайызы жас буын. Партия хатшысы олардың да толғандыратын мәселелерін тындап көрді. Экологиялық ахуал, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті дамыту жолдары кандидаттарды алаңдатады. Үміткерлер өз бағдарламасында көп балалы аналарға 2 пайызбен үй алуға несие беру, оларды оқытып, жұмыспен қамту тетіктерін ұсыныпты.

Әлібек ӘЛДЕНЕЙ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:


Осы праймеризді өткізу барысының басты мақсаты да сол. Халықтың ойында жүрген мәселелерді үйде емес осындай пікірсайыс алаңдарында үгіт –насихат жұмыстары кезінде болашақта халықтың атынан мәслихаттарда сөйлейтін адамдарға ой салу.  

Хатшы Әлібек Әлденей Хромтау ауданына барып, Ақжар ауылындағы сайлау учаскесінің жұмысымен танысты. Аудандағы кандидаттармен кездесіп, сайлауға дайындықтарын бақылады.

Жантас НҰРЫМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің Хромтау ауданында 2 295 мүше бар. Қазір осы таңға дейін 10 участок бәрі дайын. Бүкіл интернеттерің өткізілген кабинкалар бәрі орнатылған. Ноутбуктерді қондырдық. Қазіргі таңда біздің ауданда 31 кандидат. Сол 31 кандидат бәрі агитациясымен жүр.


Хромтау ауданы бойынша, 31 кандидат тіркелген. Олар үгіт-насихат аясында саулаушылармен 80-ге жуық кездесу өткізіпті. Аймақта ғаламтор жоқ. Сондықтан 10 сайлау уческесі дайындалған. Жалпы облыс бойынша 486 кандидат тіркелген. Үміткерлердің әр саланы қамтыған бағдарламаларын біріктіру арқылы, халықтың тұрмысын, өмір сүру сапасын жақсарту саяси науқынның басты мақсаты.  

Е. Карин