Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Алматының Алмалы ауданында 39 кандидаттың 12-сі ашық дебатқа қатысты

AstanaTV
18.09.2020ж. 20:00
2220
Алматының Алмалы ауданында 39 кандидаттың 12-сі ашық дебатқа қатысты

Алматының Алмалы ауданында партияішілік праймериздің ашық дебаты бүгін де тартысты өтті. Пікір сайысқа алты кандидат қатысып, сайлау алды бағдарламаларын ортаға салды. Аудан бойынша 39 кандидат тіркелген. Оның 28 пайызы нәзік жандылар, ал 23 пайызы жастар. Үтіткерлер тағы төрт рет ашық дебат өткізуді жоспарлап отыр. Пікір сайыс партияның әлеуметтік парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Кез-келген адам тыңдап, сауал жолдауға құқылы.

Ерлан ӘЛБИСЕНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ қ. АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Кандидаттар бүгінге дейін 294 шара өткізді. Ол жиыны 13800 адам қамтыды. Біз осы праймериз арқылы аудандық партия филиалынан ең үздік кандидаттарды анықтаймыз. Олар келесі кезеңдегі сайлауға қатысады.

А. Кемелжан