Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстанда жемқорларды бақылаудың жаңа тәсілі енгізілді

Қазақстанда жемқорларды бақылаудың жаңа тәсілі енгізілді

Қазақстанда жемқорларды бақылаудың жаңа тәсілі енгізілді. Бұдан бұлай жемқорларға электронды "кісен" салынбақ. Құрылғымен айыпталушы да, күдікті де тәулік бойы бақылауда болмақ. Білезіктің тағы қандай ерекшеліктері бар? Адам денсаулығына кері әсерін тигізбей ме? Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр толықтырады.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:


Бұл электронды білезік сот үкімімен, сыбайлас жемқорлыққа тәуекел еткен азаматтарға тағылады. Қуаты 6 айға жетеді. Адамдарға ешқандай зияны жоқ. Жалпы, электронды білезік мынадай станция арқылы басқарылып, бақыланып отыратын болады. Мұны арнайы мамандардың өзі тағып-шешеді.


Агенттік өкілінің сөзінше, электронды білезік жемқорлық жасады деп күдікке іліккендерді және осы баппен қамауда отырғандардың санын азайту үшін енгізілуде.  Құрылғы Қазақстанда жасалған, оның салмағы 80 грамм ғана. Біреуінің құны 500 мың теңгеге жуықтайды. Қолданысты 10 данасы бар. Құрылғының алғашқысы өз иесін тауып үлгеріпті.

Аслан ҚҰСАЙЫНОВ - ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ:

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде аталған тәжірибе алғаш рет Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау кезінде қолданылды.  Бұл адамдға алғашында психологиялық әсер етуі мүмкін. Одан басқа  қолайсыздықты тудырмайды.


«Электронды білезікті кибер шабуыл арқылы бұзуға келмейді», дейді мамандар. Құрылғына жасау барысында мұндай жағдайлар жан-жақты қарастырылыпты. Тіпті, білезікті рұқсатсыз алып тастауға және ашуға болмайды, мұндай әрекеттерде мамандардың бақылауында болмақ.  

Аслан ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ:

Егер де білезікті алып тастауға әрекет етсе немесе жүйені бұзуға тырысқан жағдайда дерек бірден бас диспетчерлік нуктке және қылмыстық процесті сүйемелдеуге жауапты адамдарға түседі. Бақылаудағы тұлғаны тексеру қажет болған жағдайда жүйеде оның биометриялық деректерін тексеру функциясы көзделген.

Электронды білезіктер соққыға төзімді, әрі су өткізбейтін қасиетке ие. Тәжірбие өзін-өзі ақтаса тағы бірнешеуін сатып алуды жоспарлап отыр. Айта кетсем, осы жоба арқылы қылмыстық атқару жұмыстарын жаңа форматқа өзгертуге мүмкіндік бермек.

А. Данияр