Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Криптовалюта жүйесін елімізге бірден емес, сатылап енгізу қажет - сарапшы

AstanaTV
22.09.2017ж. 20:00
2638
Криптовалюта жүйесін елімізге бірден емес, сатылап енгізу қажет - сарапшы

Криптовалюта жүйесін елімізге бірден емес, сатылап енгізу қажет. Өйткені халықтың қаржылық сауаты әлі де төмен. Экономист Мақсат Халық осындай пікірін білдірді. Оның сөзінше, криптовалютаның атын жамылған түрлі қаржылық пирамидалар елдің ақшасын қалтаға басуда. Жалпы электронды ақшаның елімізге тиімді жағы көп, - дейді сарапшы. Бұл баламалы қаржыны сақтаудың және арттырудың бір жолы. Алайда, "ақша тапқың келсе бізге кел, жиғаныңды салып, жүз пайызға дейін пайда көресің" дейтін алаяқтардан аса сақ болған жөн деген пікірін білдірді.

Мақсат Халық, экономист:

Сұрақ қою керек, мысалға, сізде ферма барма, майнинговая ферма дейді, дәл сол криптовалютаны тауып беретін. Сол сұрақты қойса, алдап жүргендер сәл қиналады. Ажыратуға болады. Бұл баламалы, альтернативті ақшаны сақтаудың және арттырудың бір жолы болып табылады. Сондықтан да баламалы қаржылық көздерді дамытуда керек дүние. Себебі адамда қаншалықты таңдау болған сайын, қарайды және өз қаржысын еселеуіне мүмкіндік туады.

Әлем назарын аударған криптовалюта жүйесі қоғамды қызықтырып отыр. Еліміздегі ең ірі әуе компаниясы да бұл жаңашылдықты қабылдауға дайын. Компанияның электронды коммерция менеджері криптовалюта заңдастырылса, ең алғашқылардың бірі болып қолдайтындарын жеткізді. Ол үшін, алдымен мобильді қосымшалар мен сайт арқылы төлем жүйесі іске қосылады. Уақыт өте келе, терминалдар орнату да жоспарда бар.

Болатбек Жүнісов, «Эйр Астана» компаниясының электронды коммерция менеджері:

Әзірге жіті көңіл бөле қоймасақ та, назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Ал, төлем жүйесінде сайт пен мобильді қосымшаларды пайдалануды көздеп отырмыз. Бір ізге келгеннен кейін терминалдар көмегіне жүгіну жоспарда. Жалпы, электронды ақша жүйесі анағұрлым ыңғайлы және қауіпсіз.