Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Батпаққа батқан көше

AstanaTV
21.09.2020ж. 20:00
3538
Батпаққа батқан көше

Бұл иесіз жатқан ауыл емес, Атырау қаласының іргесіндегі Алмалы селосындағы көрініс. Бүгін редакциямызға хабарласқан жергілікті тұрғындар күн жылыса болды, осылай ми батпақтан көз ашпайтындарын айтады. Бір күн жауған жаңбырдың зардабын бір ай тартамыз деп отыр. Мұнда жаяу адам тұрмақ, көліктің де қатынауы мұң. Жергілікті халықтың әкімдіктен тас жол төсеп беруін сұрағанына да 10 жылдан асыпты. Алайда, баяғы жартас, сол жартас.

Мөлдір ТӘҢКІБАЕВА, АЛМАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Жылда айтамыз, жылда келесі жылы. Осы біздің жазда көшемізді жазып кетті. Өлшеп кетті. Сметасын дайындап, осы жылы салынады деп. Күтіп едік. Жол салынған жоқ. Құр уәде тек айтатындары.

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселе бойынша Атыраулық шенеуніктерге шықтық. Дәл қазір бізбен байланыста Алмалы ауылдық округінің әкімі Гүлшат Аухадиева бар екен. Гүлшат ханым, қайырлы кеш! Көрерменнің шағымын естідіңіз. Ауылды жер десек, таң қалмаймыз. Алайда, шаһарға қарасты жұрттың бұлай батпақ кешуі, ұят емес пе? Бұл жағдайдан хабарыңыз бар ма?

Гүлшат АУХАДИЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ АЛМАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Алмалы ауылдық округіне Береке, Алмалы ауылы орналасқан. Күні кеше біз осыған дейін Махамбет ауданына қараған болатынбыз. Кешегі 28-ақпаннан бастап Атырау қаласына қосылдық. Қазіргі уақытта шекарамыз белгіленіп жатыр. Осыған дейін ауылдың проблемалары жетерлік. Атап айтсақ, ауыз су болмаған. Қазір ықшам аудандарында газ бен көше жарығы жүріп жатыр. Ал енді ауыл ішілік жолына келетін болсақ, Махамбет ауданына салынған алапқа сай емес деп Атырау қаласы құрылыс бөлімі қазіргі уақытта қайтадан сметалық құжатты жасап жатыр. Жыл аяғына дейін сметалық құжаты біткеннен кейін экспертизадан өтіп, келесі жылға жол салынбақ.


Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Рақмет сұхбатыңызға! Айтылған сөз, атылған оқпен тең. Олай болса құр уәде күйінде қалмайды деп сенеміз. Біз өз тарапымыздан бұл мәселені аяғына дейін бақылауда ұстайтын боламыз. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан өзекті мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.


А. Мүтәлі