Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Праймериз "Nur Otan" партиясы мүшелерінің арасында бәсекелестікті арттырады,- А.Көлгінов

AstanaTV
22.09.2020ж. 20:00
1677
Праймериз "Nur Otan" партиясы мүшелерінің арасында бәсекелестікті арттырады,- А.Көлгінов

Праймериз "Nur Otan" партиясы мүшелерінің арасында бәсекелестікті арттырады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің пікірі осы. Ол Есіл ауданынан түскен үміткерлердің дебатын тындады. Кандидаттардың сайлау алды бағдарламаларын тындап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Бұл үрдіс алдағы бір аптада, дәл осылай жалғасын таппақ. Айта кетейік, бұл ауданда дебат, күні кеше басталды. Бұған дейін Байқоңыр және Алматы ауданы атынан түсіп жатқандар пікір таластырған еді.
 
Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Праймериз біздің тарихта бірінше рет болып жатыр. Әсіресе «Nur Otan» партиясы мүшелерінің арасында бәсекелестік тудырып, өзінің ойын, бағдарламасын жеткізуге жақсы мүмкіндік ашатын алаң. Сондықтан баршаңызға сәттілік тілегім келеді.

Ғ. Өтемісов