Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Kazakhstan Digital Accelerator акселерациялық бағдарламасының жеңімпаздары анықталды

Kazakhstan Digital Accelerator акселерациялық бағдарламасының жеңімпаздары анықталды

Қазақстандық стартапшылар Сингапурлық қордан тікелей инвестиция алды. Бұл жоба Бәйтерек холдингінің қолдауымен жүзеге асты. Елу мың АҚШ доллары оларға жобаларын дамыту үшін беріліп отыр. Бұдан бөлек Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу мүмкіндігіне ие болады. Бүгін Нұр-Сұлтанда Kazakhstan Digital Accelerator халықаралық акселерациялық бағдарлама жеңімпаздары марапатталды.

KDA бағдарламасы - Бәйтерек холдингінің «QazTech Ventures» еншілес компаниясы мен Quest Ventures сингапурлық қоры арасындағы ынтымақтастық шеңберінде іске қосылған халықаралық акселератор. Бірегей  бағдарламаға қатысуға тек Қазақстаннан емес, шет мемлекеттерден де өтініштер келіп түсіпті. Іріктеуге 200-ге жуық өтінім түсті. 4 ай ішінде жан-жақты, білім мен тәжірибені ұштастыра алған 10 қатысушы, ақтық мәреге жетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акселерациялық бағдарлама, қатысушылардың жобасын дамытуға қолдау көрсетіп, әлемдік нарыққа шығуына көмектеседі.

Әділ НҰРҒОЖИН, "БӘЙТЕРЕК " ҰБХ АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Сингапур арқылы Оңтүстік-Шығыс  Азияға шығатын көмек алады. Көмек ретінде Сингапурлық юридикцияда компания құрастырады. Одан кейін ол компания арқылы Вьетнам, Индонезия сол сияқты Филиппин нарықтарына шығу амалдарын ойластыратын болады.

Елу мың АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияны иеленгендердің бірі - Жандос Керімқұлов. Жас кәсіпкер ұсынған бағдарлама егінді бақылауға арналған."Egistic" платформасымен қазір Қазақстан және Ресей аумағында жұмыс істеуді бастап кеткен. Бағдарлама негізінен: бидай, күнбағыс, жүгері алқаптарына арналған. Өнімнің түсім көлемін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.  

Жандос КЕРІМҚҰЛОВ, "EGISTIC" КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біздің бағдарламаны пайдалану үшін сіз кадастр номерін енгізесіз, кадастр номерін енгізгеннен кейін біз сіздің егістік алқабының шекараларын анықтаймыз. Сол бойынша әр 3-5 күн сайын космо-снимоктар жүктеліп оны анализ жасалып жеке кабинетіңізге келіп тұрады.

Акселерациялық бағдарлама мұнынмен тоқтап қалмайды. Ұйымдастырушылар халықаралық сарапшылардан оқу мүмкіндігіне ие болғысы келетін стартаптарды қазан айында басталатын кезекті легіне қатысуға шақырады.

А. Данияр