Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елордада күн суытты, бірақ жылы аялдамалар әлі жабық тұр

AstanaTV
23.09.2020ж. 20:00
1964
Елордада күн суытты, бірақ жылы аялдамалар әлі жабық тұр

Елордада күн суыса да жылы аялдамалар әлі ашылған жоқ. Қала халқы бұған наразы. Арнамызға хабарласқан тұрғындар осыны жеткізді. Аялдамалардың есігінде "Объект төтенше жағдайлар режиміне байланысты жабық" деген хабарландыру, әлі ілулі тұр. Айта кетейік, төтенше жағдай 11 мамырда яғни 4 ай бұрын аяқталып, қоғамдық көліктердің жұмысына да рұқсат етілген. Бүгін ел астанасында ауа райы жауын-шашынды. Көлік күткен жолаушылар ағаштардың астын паналап, қорғануда. Көрерменді тындап көрейік.

Роза, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жылы аялдамаларды неменеге салды? Енді қойғаннан кейін ол ашық болу керек қой. Қазір міне, жаңбырдың астында суықта тұрмыз. Ертең аяз суық келеді ашқаны дұрыс қой. Бәрібір кісілер автобуста да жүр барлы жерде  де жүр.

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Астаналықтардың мәселесімен Нұр-Сұлтан қаласының шенеуніктеріне хабарластық. Дәл қазір бізбен тікелей байланыста Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Руслан Абдуалиев бар екен. Руслан Өмірбекұлы, қайырлы кеш! Жолаушылардың шағымы заңды. Күн суық. Бірақ жылы аялдамалар әлі жабық. Неге ашпай жатырсыздар? Әлде оны ашудың өз талаптары бар ма?


Руслан АБДУАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қайырлы кеш! Жабық типті аялдамалар повилиондары бұдан бұрын көктем айында өздеріңізге белгілі карантинге байланысты жабық тұрды. Ауа райының күрт төмендеуіне байланысты және де қала тұрғындарының көптеген өтініштеріне байланысты бүгінгі күннен бастап жылы аялдамалардың барлығының есіктері ашылды.

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жылы аялдамалар саны қанша? Оның барлығын бүгін ашып үлгересіздер ме? Әлде бұл бірнеше күнге жалғаса ма?

Руслан АБДУАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жоқ. Бүгінгі күнде жабық типті аялдама повилиондарының саны 100-ден астам. Оның барлығы қазіргі уақытта ашық тұр.


Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Рахмет сұхбатыңызға! Бар нәрсенің шапағатын ертеңнен бастап көреміз деп сенейік. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан өзекті мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

А. Данияр