Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Жамбыл облысындағы су айдындарын кәсіпкерлерден қайтып алмақшы

AstanaTV
23.09.2020ж. 20:00
2661
Жамбыл облысындағы су айдындарын кәсіпкерлерден қайтып алмақшы

Жамбыл облысында су айдындарының жағалауы қоқыс алаңына айналып барады. Көлдерді жалға алған кәсіпкерлер өз міндеттерін орындамай отыр. Аймақтағы экологтар осылай дейді. Табиғат пайдаланушылары көлдің балығын сатып, қалтаға басуды ғана ойлайтын болған деп отыр. Ал, оның тазалығы мен күтіміне көп кәсіпкер көңіл бөлмей келеді. Мәселен, Талас ауданындағы Бөгеткөл мен Ақкөл секілді ірі көлдердің жағасында қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Мұны балықшыларда растады.

Шухрат САНГИЛОВ, ӘУЕСҚОЙ БАЛЫҚШЫ:

Көлдің жағдайы қорқынышты. Ешкім артынан жинамайды. Қоқыстарды тазартпайды. Бұл барып тұрған сорақылық.  Міне мен қазір төңірегімді тазартып отырмын. Отқа жағып. Айына бір-екі мәрте келем өз басым. Келген сайын сасып, шашылып жатады. Бұл қоқыстар жел тұрғанда көлген ұшадығой, неге тазалап тұрмайды.    

Жалпы облыста 118 су айдыны бар. Оның 97-сін кәсіпкерлер жалға алған. Табиғатты қорғаушылар тексеру жүргізіп 69 су айдыныннан түрлі кемшіліктерді анықтаған. Енді жергілікті әкімдік  су айдындарын мемлекет меншігіне қайтарып алмақшы.

Ерназарбек ЖАНТАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір сол жеке кәсіпкерлердің барлығына табиғи ресурстар басқармасының атынан өздеріне хат жіберіліп таныстырылып жатыр. Көлді ұтып алған кезде олар бизнес планында көрсетеді. Біз мынау көлдің басына келетін балықшылар түсетін домик қоямыз халыққа ескертіп жүретін көлді қорушы бір-екі егерь қорықшы ұстау керек. Ал ондай қорықшы ұстамайды. Өйткені ол қорықшы ұстағаннан кейін жалақы талап етеді ғой.


Б. Жұмабайұлы