Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбыл облысында «Алдаспан-2020» оқу-жаттығу аяқталды

AstanaTV
25.09.2020ж. 20:00
2234
Жамбыл облысында «Алдаспан-2020» оқу-жаттығу аяқталды

Жамбыл облысында "Алдаспан -2020" оқу-жаттығу шаралары қорытындыланды. Бұл жолы танкистер жаңа тәсілмен көзге түсті. Олар "танк каруселі" әскери тактикасын пайдаланды. Тізбектелген әскери көліктер бір-бірін алмастыра отырып, бір орыннан жауға қарсы оқ жаудырады. Ерекшелігі сол, үздіксіз атқылау арқылы жаудың ес жиюына мүмкіндік бермеу. Жаттығу кезінде, танктерден бөлек  қашықтан басқарылатын ұшақтар, радиолокациялық стансалар пайдаланылды. Кешенді әдістер ішінде әскерилер шартты бағыт бойынша ұрыс жүргізді. Әскери машықтану жұмыстарын Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың өзі бақылады.

Сабыр ЕРБОЛАТ, 21/450 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕРІ:


Тек тұрақты жаттығулардың арқасында ғана біз тапсырмаларды толығымен орындап шықтық. Оқу- жаттығу кезінде алған білімім маңызды екенін түсіндім. Жарылыс, техника және алдыңғы қатарда кетіп бара жатқан біздер. Мұның бәрі ұмытылмас сәттер. Өзіңді нағыз сарбаздай сезінесің.

Д. Мұхаммедкәрім