Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

11 жастағы ер балаға азғындық жасаған күдікті қамалды

AstanaTV
25.09.2020ж. 20:00
2151
11 жастағы ер балаға азғындық жасаған күдікті қамалды

Қызылорда облысында 11 жастағы ер балаға азғындық жасады деген күдікті қамауға алынды. Мұны жергілікті полиция хабарлайды. Жаға ұстатарлық оқиға Сырдария ауданында болған. Мамандардың дерегінше жәбірленуші баланың анасы төрт жыл бұрын өмірден өткен. Бала 6 жастағы інісімен әкесінің қамқорлығында қалған. Облыстық білім басқармасы осы оқиғадан кейін ағайындылар оқшауланып, мамандардың жіті бақылауына алынғанын айтты.

Шолпан ЖҮНІСОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Күдікті азамат анықталғаннан кейін бірден қамқоршылық қорғаншылық органның қаулысымен балалар кәмелетке толмаған бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазіргі таңда осы орталықта балалар. Тиісті психологиялық тұрғыда көмек көрсетіліп отыр.


Полицияның дерегінше, қазір тиісті сараптамалар тайғайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалды.  

М. Тоқтасынқызы