Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде көлікке арналған көгілдір отын тапшы

AstanaTV
28.09.2020ж. 20:00
2329
Ақтөбеде көлікке арналған көгілдір отын тапшы

Ақтөбеде көлікке арналған сұйытылған газ тапшылығы байқалады. Жергілікті жүргізушілердің айтуынша, көгілдір отын тапшылығы 2-3 күн бұрын пайда болыпты. Газ құятын бекеттер осы күнде талонмен ғана қызмет көрсетіп жатқан көрінеді. Ал, қолма-қол ақшаға құйылатын сұйық отын бекеттерінде ұзын-сонар кезек.

Келтірілген деректерге қарағанда, Ақтөбе облысы әдетте айына 13 мың тонна газ тұтынады екен. Осы айда сұйық отын 1 мың тоннаға аз жеткізіліпті. Жауапты мекемелердің пайымдауынша, газ тапшылығы осыдан туындауы мүмкін. Газдың аз жеткізілуіне, жергілікті газ өңдеуші зауыттардың жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуы себеп болыпты. Сондықтан көгілдір отын көрші Атырау облысынан жеткізілген екен. Бұл газдың бағасына да әсер етуі мүмкін.

Айбек ҚАЙЫР, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жолдың жүрісімен, осы жаққа әкелуімен ертең бағасы қымбат болуы мүмкін. Сол алмаған есебінен шамалы не болып тұр. Но бірақ бір екі күннің ішінде 30-нан бастап бізге қазан айының поставкасы жүргізіледі. 1 қазанда ав және темір жолмен жеткізу жүргізіледі.

Б. Рақметова