$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Орынбасары ұсталған Атырау облысының әкімі қызметінен кетуге дайын

AstanaTV
28.09.2020ж. 20:00
2446
Орынбасары ұсталған Атырау облысының әкімі қызметінен кетуге дайын

Отставкаға кетуге дайынмын. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бүгін біздің арнамызға осылай деді. Аймақ басшысының бұлай деуіне, "Аса ірі көлемде пара алды", деген күдікпен ұсталған бұрыңғы орынбасары себепші. Еске сала кетейін, жемқорлықпен айыпталған Нұрлан Таубаев облыс әкімінің бірінші орынбасары болып осы мамыр айында ғана тағайындалған.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Заң ғой. Ол бәрімізге ортақ. Егер  ондай тергеу жұмыстары, сот шешімі болса, онда заң бойынша мен отставкаға беруге дайынмын.  Әр жағы президент шешімі, қабылдайды, қабылдамайды. Сол кісі біледі.

Б. Надирқызы