$504.34 €556.34 ₽5.97
×

Елбасының қатысуымен Түркістанда жаңа әуежай ашылды

AstanaTV
28.09.2020ж. 20:00
2078
Елбасының қатысуымен Түркістанда жаңа әуежай ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды. Тұңғыш Президент сапар барысында қаланың бірқатар жаңа нысандарын аралап шықты. Олардың арасында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қолдауымен салынған жаңа спорт нысаны және концерттер мен театрландырылған қойылымдарға арналған көп функционалды мәдени нысан бар. Осы жерде Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңарған Ел – бақ қонған Ел» бейнеролигі көрсетілді. Бұдан бөлек Елбасы киелі шаһардағы жаңа халықаралық әуежайдың ашылу салтанатына қатысты.

А. Данияр