Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Б.Байбек "Nur Otan-ның" сайлауалды бағдарламасын қоғам белсенділерімен талқылады

AstanaTV
28.09.2020ж. 20:00
1458
Б.Байбек "Nur Otan-ның" сайлауалды бағдарламасын қоғам белсенділерімен талқылады

Бүгін "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматыда болды. Ол қоғам белсенділерімен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен праймериз мәселелерін талқылады. Сайлауалды бағдарлама аясында мегаполисті көркейтуге қатысты ұсыныстарын тындады. Бауыржан Байбек, өз сөзінде жалпы ел аумағы бойынша пратияішілік сайлау Елбасының тапсырмасымен алғаш рет ұйымдастырылып жатқанын еске салды. Бүгінгі күні Алматыда бір депутаттық орынға 8 үміткер бақ сынауда. Тілшіміз жалғастырады.

«Nur Otan» партиясының саяси науқанына екі жүзден аса алматылық қатысып жатыр. Оның 35 пайызы қыз-келіншектер. Жастардың да үлесі осы шамада. Дегенмен жеке кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғары. Осыдан да болар бәсеке де жоғары. Бір депутаттық орынға, сегіз үміткер бақ сынамақ. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, қоғам белсенділерімен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Басқосуда партияішілік сайлау науқаны сөз болды.   
 
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз партия ішінен үздіктерді таңдап жатырмыз. Басты мақсатымыз халықтың жағдайына назар аудару. Сондықтан да Елбасының тапсырмасымен 216 аймақтық бағдарлама жасадық. Қазір сайлау партиялық жолмен жүргізілуде. Егер қала мәслихатынан партиялықтар көбірек орын алатын болса, онда партиялық бағдарлама, қала дамуының алдағы 5 жылына негіз болмақ.  

Демек, аймақтарды дамыту бағдарламасы, партияның бақылауында болады. Қазір кез-келген тұрғын өз аймағын дамытуға үлес қоса алады. Мысалы, алматылықтар экология, көгалдандыру және әлеуметтік сала мәселелерін көтеріп жүр. Бағдарламаның орындалуы барысы партия қатаң бақылауында болмақ.
 
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде әрбір ауданда, әрбір өңірде өзіміздің филиалдарымыз, ғимараттарымыз бар. Біз халықпен ауқымды, көп жұмыс істеп ұсыныстарын жыл сайын жинап отырамыз. Жылдың басынан бізге 300 мыңға жуық әртүрлі арыздар түскен.  Біз сол бойынша үлкен жұмысты атқарып келе жатырмыз. Әрине ең бастысы халықты ету, халықтың сөзін сөйлеп, мұңын мұңдау.

Бауыржан Байбек кандидаттарды таңдауға баса назар аударды. Праймериз қатысушылары білімді әрі тәжірибелі болуы шарт. Партияішілік бәсеке ашық өтуі тиіс деді. Заңсыздыққа жол бергендер жазасыз қалмайтынын ескертті.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Өкінішке орай, партияға күштеп мүшелікке қабылдаған жағдайлар тіркелді. Біз мұндай заңсыздыққа жол бермейміз. Сондықтан да екі апта бұрын партияға тіркеуді уақытша тоқтаттық. Күні кеше осындай заңсыздық анықталып, оның жолы кесілді. Нәтижесінде, бастауыш партияның жұмысын тоқтатып, жаңадан тіркелген 3,5 мың адамды қатардан шығарылды.

Праймериздің мақсаты - лайықты, әрі мықты көшбасшыларды іріктеу деді Бауыржан Байбек. Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен партияны жандандыру үшін аса қажет екенін айтты. Осылайша, ел Президентті жариялаған «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға негіз болмақ.

А. Кемелжан