Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елорда тұрғындары жылуға жарымай отыр

AstanaTV
28.09.2020ж. 20:00
2485
Елорда тұрғындары жылуға жарымай отыр

Елорда тұрғындары жылуға жарымай отыр. Ауа райы салқындағанымен, жауапты мамандарда қозғалыс жоқ. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар осылай шағымданып отыр. Айтуынша, көп қабатты үйде мыңдаған адам тұрады. Суыққа тоңған жұртшылық әкімдіктен бір көмек болса дейді. Тыңдап көрейік.

Эльвира, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


ЖК "Ұлытауда" тұрамын. Үй салқын. Жылу қашан қосады? Басқа үйлерде жылау бар, бізде жоқ. Біздің үйде 600-дей пәтер бар. Олардың ішінде үлкен адамдар мен балалар бар. Осы мәселені шешіп беріңіздерші.  

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
 
Осы мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының шенеуніктеріне хабарластық. Дәл қазір бізбен тікелей байланыста аталмыш тұрғын үйдің жылу жүйесіне жауапты "Өркен" ЖШС-ның модернизация бөлімінің бас маманы Нұрлыбай Бабасов бар екен. Нұрлыбай мырза, қайырлы кеш! Өткен аптада қалада жылыту жүйелерінің қосылғанын білеміз. Неге "Ұлытау" тұрғын үй кешені назардан тыс қалып кетті? Оларға қашан жылу бересіздер? Тұрғындардың жанайқайын өзіңіз тікелей эфирде естідіңіз.   

Нұрлыбай БАБАСОВ, "ӨРКЕН ҚАЛА" ЖШС МОДЕРНИЗАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Саламатсыз ба? "Ұлытау" кешені жылудан тыс қалған жоқ. Қазір "Өркен" ЖШС инженерлік жұмысқа кірісіп кетті. Енді желтоқсанның 20-сына дейін ол жерге жылу беріледі. Қазір ол үйде жылу бар, автаномдық пеш орнатылған біз оны алған жоқпыз. Орнында тұр, сонымен қатар қазір инженерлік ЖШС өзінің жұмысын бастап кетті. Жылу жүйелеріне тапсырыс берілді. Әр материалдарына кіргізіп қойды. Жертөледе бәрі бар, қазіргі таңда міне бір жұма болды, жұмыс істеліп жатыр.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Нұрлыбай мырза, өзіңіз естідіңіз хабарласқан көрермен бізге айтып жатыр, шағымын жеткізіп жатыр. Жылу жоқ деп жатыр. Жалпы, үй 2014 жылы салынған екен. Осы жылдар аралығында жылу жүйесінде проблема болған, жылу болмаған. Енді, халық үсіп жатырмыз, жаурап жатырмыз деп кәдімгідей жанайқайын жеткізіп жатыр ғой. Қарапайым халық бізді алдамайды, ол мүмкін емес.

Нұрлыбай БАБАСОВ, "ӨРКЕН ҚАЛА" ЖШС МОДЕРНИЗАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Ол жерде мүлдем жылу жоқ болған жоқ. Ол жер бірінші тапсырылған бетте, ол үйлерде автоманатты пештері болған.  Сол пеш арқылы жылу беріліп тұрған. Бізге ол үйді биыл ғана берді. Биыл тендрді ұтып алдық. Міне, шілде айынан бастап смеаталық құжат берілді, солай жұмыс істеп келе жатырмыз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бұл мәселеде бір шикіліктің бары сезіліп тұр. Біз тағы да бұл мәселенің анық-қанығына жетіп өзіміздің бақылауымызға алатын боламыз. Сіздер де өз тараптарыңыздан жұмыстарыңызды уақтылы атқарсаңыздар деген өтінішіміз бар. Рахмет сұхбатыңызға! Тұрғындарға жуық арада жылу беріледі деп сенейік. Бұл мәселе тілшілеріміздің бақылауында болады. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған өзекті мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

А. Данияр