Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

AstanaTV
30.09.2020ж. 20:00
2447
Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

Бауыржан Байбек Һәкім Абайдың туған жеріне ат басын тіреді. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары ұлы ақынның рухына тағзым етіп, ұрпақтарымен кездесті. Өлкедегі зиялы қауым өкілдерімен  жүздесті. Сапар барысында партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасымен де танысты.  Алаш қайраткерлері ту тіккен  аймақты тарихи орталыққа айналдыру ел президентінің тапсырмасы еді. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары бес жылдық бағдарлама бойынша  атқарылып жатқан ауқымды  жұмыстардың қарқынын қадағалады. Семей шаһарын көркейту бағытында  жаңа шағын аудан бой көтеріп, 130 көпқабатты үй салынады. Тоғыз мың отбасы баспаналы болады. Игі мақсатқа 260 миллиард теңге жұмсалмақ. Партияның діттеген келесі межесі  ауруханалар мен емханалардың жағдайын жақсарту. Бауыржан Байбек сайлауалды бағдарламаның негізінде  қалың жұрттың қалауы мен талап тілегі жатқанын атап өтті.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Партияның негізгі мақсаты –халықтың әл-ауқатын көтеру. Ең кемде төмендетпеу. Бұл өте күрделі, өте маңызды мәселе болып табылады қазіргі таңда. Шын мәнінде жақсы алаңдар, адамдар тынығатын  жерлер пайда болып жатыр. Енді көшелер кеңейіп жатыр. Жарықтандыру, абаттандыру мәселелері шешіліп жатыр.

Сапар барысында Бауыржан Байбек Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде болды. Абайдың музей үйіне заман талаптарына сай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Партия төрағасының бірінші орынбасары ақын ұрпақтары мен аймақ ақсақалдарымен дидарласып, поэзия алыбының рухани мұрасы жөнінде келелі кеңес құрды.

Төлеген ЖАНҒАЛИЕВ, ҚАЛАМГЕР:

Нұрсұлтан Әбішұлы бастаған сара жол. Ең бірінші рет өзі президенттікке  сайланғанда Абай елінен бастаған. Одан кейін 4 рет Абай еліне келді. Сара жол дейтін себебіміз Тоқаев мырза өзіміздің президентіміздің өзі бірінші жолын Абай еліне келді. Бірінші еңбегін, бірінші қаулысын Абайдың 175 жылдығын атап өту жөнінде қол қоюмен бастады.

З. Санай