Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ертең праймериз кандидаттарына дауыс беру басталады

AstanaTV
30.09.2020ж. 20:00
2581
Ертең праймериз кандидаттарына дауыс беру басталады

Бүгін "Nur Otan" праймеризіне қатысушылар үшін үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні. Ертең дауыс беру басталады. Алдағы 3 күн ішінде партиялықтар жергілікті мәслихаттарға, парламент мәжілісіне баратын депутаттарға таңдау жасайды. Айтып өтейін дауыс беру 4 түрлі әдіс арқылы қабылданады. Primaries.kz сайты арқылы, екінші -мобильді қосымша арқылы, үшінші сайлау участкілеріндегі онлайн кабинетте және дәстүрлі бюллетендер арқылы таңдау жасалмақ. Елордалықтар партияішілік іріктеуден үлкен үміт күтеді. Өйткені олар праймериз жаңа күш, тың идея әкеледі деп сенеді.

БЛИЦ:

- Қазір жастарға бүкіл қазақ елі, қарттарымыз сеніп отыр. Жастардың болашағына сүбелі үлес қосады деп ойлаймын.
- Дұрыс негізі, халыққа да мүмкіндік беру керек қой.
- Жастарда жаңа идеялар бар. Олар келіп өзгерістер пайда болатын шығар.
- Nur Otan партиясы праймеризді текке өткізіп отырған жоқ. Басталғанын, өткелі жатқанын естідік, көрдік. Менің facebook-тегі достарымның арасында қатысып жатқандар да бар. Дауыс беруге барамын деген ойдамын. 


Ә. Өмірзақ