$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Солтүстікте қырылып қалған құстың 256 мыңы тұншығып өлген, ҚР АШМ

AstanaTV
01.10.2020ж. 20:00
3862
Солтүстікте қырылып қалған құстың 256 мыңы тұншығып өлген, ҚР АШМ

Солтүстіктегі 256 мың құс-"құс тұмауынан" емес, ауа жетпей өліпті. Мұны ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов айтып отыр. Бас ветеринардың сөзіне қарағанда, құс фермаларында вентиляциялық жүйе істен шығып, осының салдарынан тауықтар тұншығып қырылыпты. Зертханалық сараптама нәтижесі осыны көрсеткен. Ведомства жүргізген арнайы тексеріс кезінде шаруалардың басқа да талаптарды тиісті деңгейде орындамағаны анықталыпты.

Тұрсын ҚАБДОЛДАНОВ, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ м.а:

Азық-түлік дайындайтын жердің төбесі ашық тұр. Ал оның ішінде жабайы құстар жүр. Оның бергі жағында осы мекемелердегі ветеринарлық маманның қолында диплом жоқ. Маман емес. Құс өсіруші дәрігер қызметін де керек болса құжаттарын беріп отырған.

Министрлік өкілі өтемақы құны туралы ақпарат бере алған жоқ. "Оны статистика комитеті анықтайды", деді. Алайда, шығын тек құс тұмауынан өлген құстар үшін ғана өтелетінін жеткізді. Ал еліміз бойынша бұл індеттен 329 мың құс қырылған екен. Айта өтейік, құс тұмауына байланысты елдің 46 елді мекенінде карантин жарияланған. Аймақтарда осы уақытта құс тұмауына қарсы вакцинация жүріп жатыр.

А. Мүтәлі