Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралдағы сайлау учаскелері партияішілік сайлауға дайын

AstanaTV
01.10.2020ж. 20:00
2503
Оралдағы сайлау учаскелері партияішілік сайлауға дайын

Оралда партияішілік сайлауға дайындық қарбалас. Қазір облыс орталығында 11 сайлау учаскесі жасақталып, қажетті құралдармен жабдықталған. Компьютер арқылы онлайн дауыс беру үшін интернет желісі де жүргізіліпті. Сайлаудың барысы партиялықтар мен бақылаушылардың назарында болмақ.  Дауыс беру бүгін түңгі сағат он екіде басталды. Енді сенбіге дейін жалғасады. Нұротандықтардың сөзінше, праймериз мықтыларды іріктеп, жастарға жаңа жол ашады. Үздіктер іріктелмек.

Кенесары НҰРША, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мына тізімге енбей қалған адамдар партиялық тізімде болады. Оларды біз болашақта мемлекеттік қызметкер болса, мемлекеттік қызмет саласына, бізде қала және облыс деңгейінде қоғамдық кеңестер бар ғой. Соларға ұсынамыз. Ешкім бұл жерде ұтқан немесе ұтылған болып есептелмейді.

Е. Карин