$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысындағы ауылдарға сапалы медициналық қызмет көрсетіледі

AstanaTV
02.10.2020ж. 20:00
2219
Қостанай облысындағы ауылдарға сапалы медициналық қызмет көрсетіледі

Қостанай облысында шалғай елді мекендердің де қолы сапалы медицинаға жетті. Ауыл аймақты алдағы уақытта заманауи құрылғылармен жабдықталған арнайы автобустар аралайды. Жаңа көліктер Федоров пен Қостанай аудандық ауруханаларына берілді. Толығырақ Заңғар Санайдың репортажында.

Заманауй медициналық құрылғылар қондырылған автобустар отандық «СарыарқаАвтоПром» зауытында жасалған. Көшпелі кешен, қажетті деген медициналық көмектің барлық түрін көрсете алады.
 
Алексей ЛЕВАШКИН, АРНАУЛЫ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Кешен зауыт инженерлінің сызбасы бойынша жасалды. Денсаулық сақтау министрлігі қойған талап-тілектің барлығы ескерілді. Пандемия кезінде шыққандықтан оның ішінде дәрігерлерге қажет заманауи жабдықтардың барлығы қойылды.

Алғашқы автобустар халқының саны басым Федоров пен Қостанай аудандық ауруханасына берілді. Бір ғана Қостанай ауданында 70 мыңнан астам адам тұрады. Мұндағы елді мекеннің дені ауруханаға зәру. Өйткені, маман тапшы. Сол түйткілді шешуге көшпелі кешеннің көмегі көп болмақ.

Сырлыбек МЕЩАНОВ, ҚОСТАНАЙ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:


Медициналық бригаданы ұйымдастырып, бір күнде бірнеше ауылдарды аралап шығып қаншама халыққа көмек бере аламыз. Зерттеу ретінде, консультация ретінде. Сондықтан бізге жеңіл болады. Өзіміздің жоспар бойынша скрининг дегендер болады. Медосмотрлар болады. Солардың барлығын жүргіземіз.

Жылжымалы кешен кішігірім емхана қызметін көрсете алады. Оның ішінде - рентген, электрокардиограмма, жүрек қағысын өлшейтін аппарат және ультра дыбыстық зертхана сияқты 7 түрлі кабинет бар.

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қостанай облысының 50 пайызы ауылдық жерде тұрады. Кейбір елді мекендердің медициналық қызметке қолы жетпей отырғаны құпия емес. Көшпелі кешен осы олқылықтың орнын толтырады деп сенеміз. Осы кешеннің арқасында көптеген аурудың алдын аламыз.

Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында да айтылған. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі осыған ұқсас 100 көшпелі кешенге тапсырыс беріпті. Соның 10 Қостанай облысына берілмек.

З. Санай