Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Праймеризде дауыс беру бойынша Алматы облысы көш бастап келеді

AstanaTV
02.10.2020ж. 20:00
2498
Праймеризде дауыс беру бойынша Алматы облысы көш бастап келеді

«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған партияішілік бәсекенің дауыс беру кезеңі жалғасуда. Бұл науқанда Алматы облысы көш бастап келеді. Облыстағы 82 мыңға жуық партия мүшелерінің 65 пайызы бүгіннің өзінде дауыс беріп үлгеріпті. Дауыс беру, primaries.kz порталы немесе мобилдік қосымшасы арқылы жүргізілуде. Ал, дәстүрлі бюллетен арқылы дауыс беретіндер үшін арнайы учаскелер ашылған.

Гүлнәр ТОЙЛЫБАЕВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

primaries.kz сайтында дауыстарын беруге болады. Кез-келген партия мүшесі осы праймериз жүйесіне тіркелген. Жүйеге кіріп, мәліметтерін енгізіп, дауыс беру деген батырманы басатын болса, сол өзі тіркелген ауданның, қаланың кандидаттары шығады және де үшінші қазан күні таңғы сегізден түскі екіге дейінгі аралықта сайлау учаскелеріне келіп дауыс беруіне болады.

А. Кемелжан