Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендігі сыр дихандарын тығырыққа тіреді. Келесі жылы да осы жағдай қайталанса экологиялық зардабы орасан болатынын айтып дабыл қағуда. Ғалымдар мәселені шешу үшін егіншаруашылығын әртараптандыруды ұсынып отыр. Тараптарды тыңдаған аймақтағы әріптесім Мөлдір Тоқтасын тақырыпты тарқатады.
Сырдариядағы су деңгейінің азайғаны соншалық, қазір кешіп өтуге болады. Осыған алаңдаған мамандар тіршілік нәрін үнемдеу қажеттілігін ескертті. Ол үшін күрішті азайтып, басқа дақылдарды салуға шақырады.
Өмірхан ПАШКЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:
Күріш дақылының экспорттік әлеуеті өте жоғары. Сыртқа сатады ақша түседі. Бірақ жалғыз күріш-күріш деп, өмір бүгінмен тоқтап қалмайды ғой. Басқа дақылдарды да әртараптандыру арқылы өмірге оның жұмысын әкелуіміз керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан майлы далықдарды субсидиялау мәселесі қолға алынып жатыр.
Демек саланы әртараптандырған дихандарға мемлекет қолдау білдірмек. Ал бұл өз кезегінде мал шаруашылығы үшін де пайдалы деді. Әсіресе қантқұмайы, жүгері, соя сынды суды аз тұтынатын дәнді дақылдарды егуді ұсынуда. Алайда техникаларын жаңартып, несиеден бас көтере алмай отырған күрішшілер мұны құптамайды.
Сағидулла СЫЗДЫҚОВ, КҮРІШ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Күріш өндіруші ретінде айтарым, бұл бір күннің жұмысы емес. Барлық техникаларымыз осы өндіріске бейімделген. Несиелерін де жауып үлгерген жоқпыз. Басқа дақылдарды егіп, жинау үшін біз соған сай комбайндарымызды да өзгертуіміз қажет. Оған қоса, мойындауымыз керек, соя, жүгеріге қарағанда күрішке сұраныс жоғары.
Аймақтағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, шенеуніктердің ұсынысын қолдайды. Бірақ бұған дайын емеспіз деді. Өйткені олардың да техникалық базасы ақсап тұр.
Бақытжан ДҮЙСЕНБЕКОВ, Ы.ЖАХАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Күріш ғылыми зерттеу институтының да материалдық техникалық базаларының ескіруіне байланысты және әртараптандыру арналған техникалардың жоқтығы біздің де қолымызды байлап отыр. Яғни мынау фермерлерге біз мына дақылды өсіру керек деп айту үшін де біз өзіміздің тәжірибелік алаңдарымызда көрсетуіміз керек.
Дейтұрғанмен, биыл өзінде жергілікті шаруалар үшін егін науқаны оңайға соқпаған. Судан тарыққан диқаншыларда, өнім жылдағыдай болмай ма деп алаңдаулы. Әзірге өнім толық жиналмаған. Тіршілік көзінің тапшылығынан туған экологиялық зардаптан қауіптенген мамандар, күріш көлемін азайтуды бүгінгі күннің талабы деп отыр. Оның экспорттық әлеуеті жоғары болғанымен, өзге дақылдарды да өндіріске енгізуіміз аса қажет екенін жеткізді.
М. Тоқтасынқызы