«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі". Бішкектегі бейбереКетке қатысты Ақорда бүгін осындай пікір білдірді. Мұны мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды. Сондай-ақ, "Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен, өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту, аса маңызды деп санайды", дейді.
Берік УӘЛИ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
"Қазақстан Республикасы сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады".
Д. Мұхаммедкәрім