Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жаппай тәртіпсіздіктен кейін Қырғыз Президенті 16 партия өкілдерімен кездесетін болды

AstanaTV
06.10.2020ж. 20:00
2763
Жаппай тәртіпсіздіктен кейін Қырғыз Президенті 16 партия өкілдерімен кездесетін болды

Қырғызда кезекті толқулар басталды. Парламент сайлауы нәтижесімен келіспеген халық көшеге шығып, билікті тағы жағадан алды. Мәселе - 12 партияның 7 пайыздық межеден аса алмай, Парламенттік сайлауда ұтылып қалуЫнан басталды. Оппозиция, жақтастарымен көшеге шығып шеру ұйымдастырды. Оның арты жаппай бей берекетке ұласты. Ашынған жұрт түннің ортасында "Ақ үйді" басып алды. Бұл жолғы толқулардың мақсаты не? Сарапшылардың пікірін білейік.

5 жылда бір бас көтеру қырғызда ұлттық дәстүрге айналғандай. Екі басшысын Ресейге қуып шықты. Енді біреуін абақтыға жапты. Бірақ осы жолғы көтеріліс Мемлекет басшысын қуудан емес, Парламенттегі орынға таластан басталды. Қырғыз Жоғарғы кеңесінің Сайлауына 16 партия тіркелген. Соның 4-і өтті. Қалған 12-сі белгіленген 7 пайыздық межеден аспай қалды. Ұтылып қалғандар көп ойланбай жақтастарын көшеге шығарды.

Алаңға атпен шығатын қырғыздар уақытты көп созбай "Ақ үйді" басып алды. Сооронбай Жээнбековтің портреттерін таптап, компьютерлерді шығарды. Жиһаздарды қиратып, құпия құжаттарды шашты. Ақыры, Парламент пен Президент әкімшілігі отырған ғимарат таңға жуық отқа оранды.

Расул ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

Қырғыз қоғамының өзінің менің ойымша, «Көшеге шығып билікті төңкеріп тастасақ ертең әділ қоғам орнай салады», деген түсініктен ары кете алмауы. Бұған 2010, 2015 жылдағы оқиғаларды еске түсіреді.

"Қырғыздар тағы бас көтереді" дегенді ешкім күтпеген. Бішкектегі Парламенттік сайлауға кеше ғана оң баға берген Еуропалық ұйымдар да абдырап қалды. Ал, көтерілісшілер болса мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетін шабуылдап бұрынғы премьер мен бұрынғы президентті түрмеден босатып алды.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Санат Қайырисламұлы қырғыз көтерілістерін әбден зерттеген. "Бұл жолғы толқу кландар алысы", дейді сарапшы. Күші бар әулеттер таққа таласып жатқан көрінеді.

Санат ҚАЙЫРИСЛАМҰЛЫ, ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі жағдай 1-2 айға созылуы мүмкін. Сол Жээнбековты Президенттіктен шығару. Атамбаевтың негізгі мақсаты. Солтүстік пен оңтүстік арасы ашылып барады. Өкінішке орай осындай факторлар бар.

Айтса айтқандай. Толқулардың жүріп жатқанынан бір ақ күн. Ал, қырғыз саяси ұйымдары өз адамдарының Билікке келгенін жарыса айтып жатыр. Бүгіннің өзінде 2 адам өзін Бас прокурор ретінде жариялады. Жаңа Үкімет тағайындалып басқа Президент болады деген ақпарат та тарады. Саясат өз алды. Тақ таласты пайдаланған кейбір топтар, алтын кеніштерін басып алып жатқан көрінеді. Көрші елді бей берекет жайлағанда шекара жабылатыны бар. Ал, шекараның жабылуы екі ел арасындағы сауда-саттыққа кері әсер етеді. Бірақ осы жолы жағдай басқа. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, шекара әзірге ашық тұр. Бәлкім бұл көтеріліс бүгін ертең басылар, деген үміт бар шығар. Қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбеков бүгін айтпақшы, Сайлауы нәтижесін жойып, бүкіл 16 партиямен кездесетін айтты.

Д. Мұхаммедкәрім