Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Праймеризде жинақталған ұсыныстар мен тың идеялар халық мүддесіне жұмсалады - Арман Қырықбаев

AstanaTV
06.10.2020ж. 20:00
2638
Праймеризде жинақталған ұсыныстар мен тың идеялар халық мүддесіне жұмсалады - Арман Қырықбаев

Праймериз кезінде 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Сайлауалды бағдарламалардан орын алған тың ойлар, алдағы уақытта халық пайдасына қолданылатын болады. «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, бүгін елордада өткен брифингте осылай деді. Оның айтуынша, партияішілік іріктеу жаңа әлеуметтік лифтіге айналды. Халық пен билік арасындағы ортақ мүдденің артуына септігін тигізді деп отыр. Әсіресе, додада бақ сынаған жастар мен әйелдерге берілген мүмкіндік арқылы оларға үлкен үміт артылғанын жеткізді.

Арман ҚЫРЫҚБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Қолында билігі жоқ, бірақ қоғамда ықпалы зор азаматтар көп жерде жеңіске жетіп жатты. Мысалы, Жаңаөзенде қатардағы қарапайым инжинер жеңді. Сол сияқты қатардағы оператор 4-ші орын алды. Дәрігерлер де жеңіп жатты.

Кандидаттарды тіркеу басталғалы 30-дан астам арыз-шағым қаралған. Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев, барлығы 34 кандидат сайлаудан шеттеТілгенін айтты. Олардың 27-сі пікірсайыстарға қатысқысы келмеген. Шағымдар мен тәртіп бұзушылықтардың көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркеліпті. Ал іріктеудің әділ өтуін қадағалаған партия жаҚтастары лигасының мүшесі Ерлан Сайыров, кейбір өңірлердегі жергілікті атқамінерлерді сынады. Олар саяси жүйені өзгертуге әлі дайын емес. Соның кесірінен жоғарыда аталған заңбұзушылықтар орын алды деп отыр. Десе де, праймериз демократиялық қоғам құруда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

Ерлан САЙЫРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАҚТАСТАРЫ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Аймақтардағы азаматтар дебат жасап, өзінің ойын ашық айтып, жергілікті басшылардың шешімімен келіспейтін болса, ұсыныс жасап қайтадан қарауға күш салуы керек. Міне праймериз саяси прогресті арттырудағы бір қадам деп қабылдау қажет.

Ғ.Өтемісов