Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Праймеризде бәсекелестік өте жоғары болды, - Э.Аскеров

AstanaTV
06.10.2020ж. 20:00
2199
Праймеризде бәсекелестік өте жоғары болды, - Э.Аскеров

Праймериз бәсекелестік жоғары болды. Додаға қатысқан кандидат Эмин Аскеров осылай деді. Ол теңдессіз тәжірибе жинағанын алға тартты. Сондай-ақ сайттан алдын-ала қорытындыны қарап, кімнің алда екенін байқау, оның ашық, әрі әділ өткенінің айғағы екеніне сенімді. Айта кетейік, дауыс берген партиялықтар саны 700 мыңға жуықтайды.  

Эмин АСКЕРОВ, "NUR OTAN" ПРАЙМЕРИЗІНЕН ҮМІТКЕР:
 
Менің көптеген достарым мен таныстарым праймеризге қатысты. Әрине, оңай болды деп айта алмаймын. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік, жоспарымызды жеткізуге барынша күш салдық. Бәсекелестік өте жоғары болды. Соны сезіне отырып жарысудың өзі керемет сезім. Қуантарлығы – қоғамның шет қалмай, өз идеясын ұсынып, өзгеріс енгізуге ниет білдіріп қана қоймай, әрекет етуі.

Ә. Өмірзақ