Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Праймериз – жүзден жүйріктерді анықтайтын заманауи жүйе

AstanaTV
06.10.2020ж. 20:00
2249
Праймериз – жүзден жүйріктерді анықтайтын заманауи жүйе

Праймериз – халықтың мүддесі үшін еңбек етуге дайын көшбасшыларды іріктеді. Бұл - қоғам белсендісі, саяси додадан үміткер Серік Есматовтың пайымы. Ол - Алматы қаласының тумасы. 13 жасында бір аяғынан айырылып, мүгедек болып қалса да ел үшін еңбек етуге дайын екенін көрсетті. Қазір өзі сынды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, рухани және әлеуметтік қолдап жүр. Ол партияішілік сайлауда еңбегі еленген, тәжірибелі кандидаттар жеңіске жеткеніне сенімді.

Серік ЕСМАТОВ, "NUR OTAN" ПРАЙМЕРИЗІНЕ ҮМІТКЕР:
 
Өзім мүгедек болғандықтан кез-келген уақытта, кез-келген жерде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғауды, солардың мәселесін шешуді мақсат етемін. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы көп жерде ескерілмейді. Мысалы, ғимараттарға кіретін арнайы жолдар тік, қоғамдық көліктер мүгедектерге ыңғайсыз. Сондықтан алдағы уақытта осы салаға бар күшімді саламын.

А. Кемелжан