Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Сәтбаевта бес жасар қызды зорлады деп ұсталған ер адам изоляторда суицид жасады

AstanaTV
07.10.2020ж. 20:00
2571
Сәтбаевта бес жасар қызды зорлады деп ұсталған ер адам изоляторда суицид жасады

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында 5 жастағы бүлдіршінді зорлады деп қамалған күдіктінің изолятордан мәйіті табылды. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өлім фактісін растады. Дегенмен марқұм қандай жолмен өз-өзіне қол жұмсағанын хабарламады.  

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:


Алтыншы қазан күні Қарағанды қаласының тергеу изоляторында, бүлдіршіннің зорлығына күдікті ретінде ұсталған адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына келген жедел-жәрдем оның өлімін тіркеді. Алдын ала болжам бойынша, марқұм суицид жасаған. Денесінде соққының ізі жоқ. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің департаменті оқиға бойынша қызметтік тексеру бастады.

Естеріңізге сала кетейік, 23-шілде күні Сәтбаев қаласында бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен болатын. Іздеу жұмыстарына полициядан бөлек қала тұрғындары да тартылды. Бүлдіршін бес қабатты үйде тұратын 62 жастағы жергілікті тұрғынның пәтерінен табылған болатын. Халық жиналып, сол түні күдіктінің пәтеріне баса-көктеп кіріп, өздері жазаламақ болды. Бірақ полиция жағдайды ретке келтіріп, күдіктіні тергеу изоляторына қамауға алып кеткен болатын.

Ә. Өмірзақ