$536.76 €630.85 ₽6.45
×

АҚШ федералды қауіпсіздік қызметі қаржы жүйесінен қолма қол ақшаның бір бөлігін алып тастамақ

AstanaTV
21.09.2017ж. 20:00
АҚШ федералды қауіпсіздік қызметі қаржы жүйесінен қолма қол ақшаның бір бөлігін алып тастамақ

АҚШ федералды қауіпсіздік қызметі қаржы жүйесінен қолма қол ақшаның бір бөлігін алып тастамақ. Рейтерстің хабарлауынша, бұл қаржы-несиелік саясатты күшейтудің жаңа амалы. Осылайша АҚШ үкіметі мен ипотекалық агенттіктердің 2008-2014 жылдар аралығында сатылып алған борышкерлік қағаздардан біртіндеп арылуына жол ашпақ. Ай сайын құны 6 млрд доллар болатын реинвестицияланған облигациялар мен 4 млрд долларды құрайтын ипотекалық қағаздар саудаланады. Үш айдан соң бағдарлама көлемі 12 және 8 млрд долларға ұлғаяды. 

Алдын ала болжам бойынша, 2018 жылдың аяғына дейін алынып тасталатын ақша көлемі 500 миллиард долларды құрайды. Атап өтерлігі, АҚШ Федералдық қоры, негізгі жылдық мөлшерлемені өзгертпей, 1-1,25% көлемінде қалдырды. Бұған қатысты сарапшылар болжам жасауға асықпайды. Тек «америка көк қағазының» курсы әлемнің басқа валюталарына қатысты өсетіні айдан анық деп жорамалдап отыр. Ресейлік сарапшылар бір доллар 62-67 рубльге дейін қымбаттайтынын болжауда. Ал Қазақстан экономикасының Ресеймен етене байланысты екенін ескерсек, бұл жағдай теңгені де айналып өтпеуі мүмкін. Айта кетейік, бүгінде Ұлттық валюта бағамы долларға шаққанда 340-341 теңге деңгейінде қалып отыр.