Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Астанада жол апаты жеткіншектің өліміне себеп болды

AstanaTV
21.09.2017ж. 20:00
3759
Астанада жол апаты жеткіншектің өліміне себеп болды

Жол көлік апатының кесірінен 11 жастағы жеткіншек қыршынан қиылды. Астанада автобустың қатысуымен болған жол апатынан 1 адам қаза тауып, бірнешеуі жарақат алып, ауруханада жатыр. Оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық із қозғалған. Жол апатына кім кінәлі? Тілішіміз Диана Сапарқызы баяндайтын болады.

Бүгін сағат таңғы ондар шамасында Елорданың Пушкин көшесі мен Абылайхан даңғылы қиылысында жол-көлік апаты орын алды. Тoyota-RAV-4 маркалы автокөлігінің жүргузушісі солға қарай бұрыла алмай, қоғамдық көліктің жолағына қарама-қарсы шығып, автобуспен соқтығысады. Салдарынан жеңіл көлікте отырған 11 жастағы бала көз жұмды. Қоғамдық көліктің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, 60 жастағы азаматша кеуде жарақатын алған, жағдайы тұрақты, алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

Қайрат Жаркеев, Астана қаласы №2 ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Біздің больницада толық тексеру жасап болдық. Денсаулығы жаман емес. Больницада 4-5 күн жатады. Динамикалық бақылауда. Жақсы болса, үйге жібереміз.

Астана қаласы ішкі істер департаменті анықтағандай, Тoyota-RAV-4 маркалы автокөлігінің жүргузушісі - 47 жастағы азамат. Ал соқтығып қалған 33-ші бағыттағы автобус екендігі анықталды. Қазір екі жақты тексерістер қолға алынған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі жол ережесін бұзған. ІІД өкілдерінің мәліметі осыған саяды

София Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

Жол ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеліп соққан бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Диана Сапарқызы, тілші:

Қазір апат орынында тиісті тексеру мен зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша қылмыстық із қозғалған. Қажетті сараптамалар да тағайындалды. Тексерудің қорытындыларын Ішкі істер департаменті қосымша хабарлайтындарын мәлімдеді.