Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Тоқтар Төлешовтың ең қымбат көлігі аукционда 1 теңгеге сатылуы мүмкін

AstanaTV
21.09.2017ж. 20:00
2926
Тоқтар Төлешовтың ең қымбат көлігі аукционда 1 теңгеге сатылуы мүмкін

Тоқтар Төлешовтің қымбат бағалы Rolls-Royce автокөлігі небәрі 1 теңгеге сатылуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бұрынғы сыра зауыты басшысының құнды көліктерін саудаға шығарып жатыр. Астана арнасының тілшілері анықтағандай, әзірге бұл темір тұлпарларға қызығушылар табылмай тұр. Олар осыған дейін екі рет аукционға қойылған болатын.

Айта кетейік, Төлешов қамауға алынғанда оған тиесілі 22 көлік тәркіленген. Ал үшеуі жақында электронды сауда-саттық бойынша құнын төмендету әдісі арқылы 12 млн теңгеге сатылды. Таяу күндерде тағы  жеті темір тұлпары сатылымға қойылады. Олардың ішінде «Rolls-Royce Phantom» көлігі де бар. Бастапқы бағасы 40 млн теңге болған. Ол кезде алуға ниеттенген адам табылмаған еді. Екінші сауда-саттықта оның құны екі есе төмендетіліп шығарылды. 

Ғалым Қасымбеков, ОҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы:

Үшінші сауда-саттықта ол аукционда өтпеген жағдайда, оның бағасы 1 теңгеге дейін төмендетіліп, сауда-саттыққа қойылатын болады. Яғни бізбен тәркіленген мүліктер үшін сауда-саттықтан кейін өтпеген жағдайда, қатысушыларға  автокөліктерді  1 теңгеге дейін төмендетілген бағамен сатып алуға мүмкіншіліктері бар.