$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Үштөбелік келіншек 2 жасар баласын өлтіріп денесін тоңазытқышта сақтаған

AstanaTV
08.10.2020ж. 20:00
3812
Үштөбелік келіншек 2 жасар баласын өлтіріп денесін тоңазытқышта сақтаған

Алматы облысында жантүршігерлік оқиға! Қаратал ауданының тұрғыны 27 жастағы келіншек өзінің туған баласын тұншықтырып өлтіріп денесін тоңазытқышта салып қойған. Оның мұндай қатігездігін туған әпкесі біліп қалып полицияға хабар беріпті. Қанды қылмыс жайында әріптесім Әсем Лесбек әңгімелейді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жаға ұстатарлық оқиға туралы ақпарат Облыстық полиция департаментіне үш күн бұрын түскен. Үштөбелік келіншек екі жастағы туған баласын буындырып өлтіріп, денесін тоңазытқышқа салып қойыпты.

АНАСЫ:

- Мен өз баламды тұншықтырдым. Ол 2 жаста болған.

ТЕРГЕУШІ:

- Сіз ол жерді көрсете аласыз ба? Өз еркіңізбен өлтірдіңіз бе?

АНАСЫ:

- Иә, иә.

ТЕРГЕУШІ:

- Осы іс бойынша қылмысыңызды мойындайсыз ба?

АНАСЫ:

- Иә.


Тергеушілердің айтуынша, баланы 27 жастағы келіншек шілде айында өлтірген. Мәйіт сол уақыттан бері тоңазытқышта сақтаулы тұрыпты. Ал, жақындарына "Баланы тәрбиешіге бердім, деп өтірік айтқан. Үйге ешкімді кіргізбеген. Осыдан болса керек туыстары, "жаман хабардан" сезіктеніп, полицияға хабарласыпты.


АНАСЫ:

- Алғашында баланы жөргекке орап ұйықтаттым. Сосын буындырдым. Жөргекті жыртып, мойнына орадым. Бетін жастықпен жауып тұншықтыра бастадым.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдікті әйел уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Жас баланы өлтіру дерегі бойынша, қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тергеушілердің айтуынша, қатігез ана осы Үштөбе тумасы. 2018 жылы ол Ресейге барып сол жақта тұрмыс құрған көрінеді. Кейіннен ажырасып елге қайтып келіпті.

Албина ДАУТОВА, ҚАРАТАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Баланы сол жақта дүниеге алып келген. 2019 жылы Үштөбеге қайтып оралған. Акиматқа ешқандай келіп, тұрмыс төмен немесе жалғызбасты ана ретінде тіркелмеген. Негізі қазақстанның азаматшасы.

Ажырасқаннан кейін жас келіншектің жүйкесі жұқарғанға ұқсайды. Психологтардың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген келіншектер жантүршігерлік қылмыстарға баратын көрінеді.

Гүлнәр КЕТПЕНБАЕВА, ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОЛОГ:

Психологиялық-психикалық жағынан әйел ананың ауытқушылығы көрініп тұр. Бұл келіншектің осындай жағдай жасауына мүмкін шизофрения мүмкін депрессия, келесі тағы да қарастыратын нәрсеміз отбасылық зорлық-зомбылық болуы да мүмкін. Әл-ауқаты экономикалық ол жағынан да қыспақ болған шығар.

Осыған ұқсас жағдай 4 жыл бұрын Жамбыл облысында да тіркелген. Бірақ онда ана емес 60-тан асқан азғын 3 жасар баланың денесін тоңазытқышта сақтаған. Кейін оның нәрестені зорлағаны белгілі болды. Ең сорақысы күйеуінің қылмысын баланың шешесі білген және полициядан жасырып келген. Педофил өмір бойға ал тас жүрек шеше 5 ылға сотталған еді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
 
Ал, Үштөбелік келіншек осы уақытта уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Қылмысын мойындады. Айыбы дәлелденіп жатса ол да 20 жылдан өмір бойға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ә. Лесбек