Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елорда әкімі үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілтін табыстады

AstanaTV
12.10.2020ж. 20:00
3114
Елорда әкімі үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілтін табыстады

Үй кезегінде тұрған 900-ден астам елордалық, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында пәтер кілтіне ие болды. Олар негізінен халықтың әлеуметтік әлсіз тобы мен "Тұрғын үй құрылыс жинақ" банкінің салымшылары. Шаһар басшысы Алтай Көлгіновтің айтуынша жеңілдетілген тұрғын үй құрылысын салу биыл үш есеге артқан. Тілшіміз жалғастырады.

«Қол жетімді» баспанаға қолы жеткендердің бірі Эльмира Какенова. Жас ана осыдан 4 жыл бұрын банктен арнайы депозит ашыпты. Ай сайын қажетті қаражатты аударып отырған. Бүгін міне "асығы алшысынан түсіп", асыға күткен пәтерінің кілтін алды. Көңілі жайланған Эльмира, баспанасыз жүргендерге жеңілдіктермен қарасатын бағдарламалар көбейсе дейді.

Эльмира КАКЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Өте қуаныштымыз. Үй ұнады. Бөлмелері кең екен. Қанша уақыттан бері армандаған баспанамызға қол жеткіздік. Елде азаматтар үшін көп жағдай жасалған. Осындай бағдарламалар көбейіп, халықтың жағдайы жақсара түссе екен.

Қолданысқа берілген су жаңа көп қабатты баспана Есіл ауданында орналасқан. Жаңа тұрғын үй кешенінде 922 үй бар. Пәтерлер банк салымшылары мен кезекте тұрған азаматтарға беріліп отыр. Баспана кілттерін қала әкімі Алтай Көлгінов табыстады. Ол биылғы жылы кезекте тұрған азаматтарға  8 мың пәтер әзірленгенін айтты. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4 есе көп -деді.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Барша күткен адамдарға біз кезекке сәйкес пәтерлерді үлестіреміз. Әрине мәселе бір жылда шешлімейтіні анық. Бірақ, жыл сайын кезең-кезеңімен осыны шешуге тырысамыз.

Көп қабатты үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар ашылмақ. Оңалту орталықтары, балабақшалар мен медициналық пункттер тұрғындар үшін қолайлы болу үшін жоспарланған. Мұндай мекемелерге тұрғын үй кешенінен 4 мың шаршы метр аумақ бөлініп отыр.   

Ғ. Өтемісов