Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматы облысының әкімі праймериз кандидаттарымен кездесті

AstanaTV
09.10.2020ж. 20:00
2052
Алматы облысының әкімі праймериз кандидаттарымен кездесті

Алматы облысында өткен «Nur Otan» праймеризі кезінде, тұрғындардан мыңнан аса ұсыныс пен өтініш түскен. Бұл туралы аймақ басшысының кандидаттармен кездесуі кезінде белгілі болды. Партияның өңірдегі филиал төрағасы, облыс әкімі Амандық Баталов, саяси дода үміткерлерін белсенділіктері үшін марапаттады. Мұнан соң олар ұсынған сайлауалды бағдарламада көтерілген жергілікті проблемаларды талқылап, шешу жолдарын қарастырды.

Әлия ӘБСЕМЕТОВА, "NUR OTAN" ПРАЙМЕРИЗІНЕН ҮМІТКЕР:

Мен аналар мен нәзік жандылар арасында қордаланып қалған мәселелерді жақсы білемін. Оның ішінде ана мен бала мәселесі, баланың білімі мен қауіпсіздігі бар. Оның бәрі басты назарда болуы керек. Праймеризге осы бағдарламаммен түстім. Қоғам дамуына менде өз үлесімді қосқым келеді.


А. Кемелжан