Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жұмысшы жастар арасындағы «Дүйсенбілік футбол» жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
12.10.2020ж. 20:00
1606
Жұмысшы жастар арасындағы «Дүйсенбілік футбол» жеңімпаздары марапатталды

Алматыда жұмысшы жастар арасында ұйымдастырылған «Дүйсенбілік футбол» турнирі мәресіне жетті. Базар мен сауда үйінде жұмыс істейтін жасы 35-ке толмаған жастар арасында мұндай жарыс биыл бірінші рет ұйымдасып отыр. Алматылық жұмысшы-жастар өзара 20 командаға бөлініп ойнады. Жеңімпаздар "Jas Otan" қанатының арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Үшінші орын 100 мың теңге, екінші команда 200 мың теңге, ал жеңімпаз жігіттер 300 мың теңгені иеленді. Жекелей үздік ойын көрсеткен футболшылар да арнайы сыйлықтармен марапатталды. Айта кету керек, турнирді "Jas Otan" жастар қанаты елдің 5 аймағында өткізді.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осындай азаматтарымыз ол елдің тірегі. Осы азаматтармен бірге командалық ойын өткізіп, олардың басын қосып, жүлделі орындарды  беру ол азаматтарды әлеуметтендіру, деп есептейміз. Мемлекетшіл азаматтардың басты мақсаты – елде әрқашан да елдікті сақтау.

А. Кемелжан