Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Отандық "Айқын" газетіне онлайн жазылуға болады

AstanaTV
12.10.2020ж. 20:00
3526
Отандық "Айқын" газетіне онлайн жазылуға болады

Заман жаңарған сайын, басылым беттері де көштен қалмай келеді. Енді «Айқын» газетіне онлайн жазылуға болады. Сайтқа кіріп, мәліметтеріңізді енгізсеңіз, газеттің онлайн нұсқасын оқи аласыз. Жағымды жаңалықпен басылымның шеф-редакторы Асқар Беков бөлісті. Ол газет медия нарыққа бейімделіп, әлемдік трендтен қалыс қалмайды деп отыр. Тіпті бұл қазақстандық басылымдар ішіндегі онлайн форматқа көшкен тұңғыш газет,-деді. Ал сайтқа тіркелу айына 300 теңге. Жылдық жазылым 3 мың теңгені құрайды. Асқар Беков оқырмандар бір айда газеттің 16 санын оқи алатынын жеткізді.

Асқар БЕКОВ, "AIKYN.KZ" САЙТЫНЫҢ ШЕФ РЕДАКТОРЫ:

Онлайн жазылымның бірнеше тиімді тұстары бар. Аптасына 4 рет шығатын басылым шет аймақтарға кештеу жетіп жатады. Ал енді, ақпарат лезде оқырманға жететін болады. Қазан айынан бастап подписка басталды. Қазан айында жазылған оқырман архивтегі материалдарды да оқи алады.

Ғ. Өтемісов