Қостанай өңірінде 30 мыңдай адам қарызын өтемей жүр. Бұл жөнінде облыстық әділет департаменті өкілдері мәлімдеді. Мемлекеттік сот орындаушылар рейдтік шаралар ұйымдастырып, борышкерлердің дүние-мүлкін уақытша тәркілей бастаған.
Қара тізімге іліккендердің борышы 40 миллиард теңгеге жуықтайды. Сот шешіміне сай борышкерлердің кейбірі 1 мың теңге төлеуі тиіс болса, енді бірі миллиондаған теңге қарызын өтеуге міндеттелген. Басым бөлігі салықтан жалтарғандар. Алимент немесе әкімшілік айыппұл төлеуден қашып жүргендер де бар. Рейд барысында борышкерлердің тұрмыстықтехникалары, көліктері уақытша тәркіленіп, өндірістік атқару құжатын тез арада орындауға міндеттелді.
Қанат Нақанов, Қостанай облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары:
Біз
сомманың көлемі мен мөлшеріне қарамай, жаңағы тұрмыстық техникасы болсын,
көлігі болсын, оны тәркілеп, борышкер
қарызын өтегенше ұстап отырамыз.
Заңғар САНАЙ