$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Петропавл тұрғындары сумен қамту компаниясына 60 миллион теңге берешек

AstanaTV
19.04.2016ж. 20:00
715
Петропавл тұрғындары сумен қамту компаниясына 60 миллион теңге берешек

Петропавл тұрғындарының сумен қамту компаниясына берешегі 60 миллион теңгеден асқан. Бұл туралы «Астана» телеарнасына  «Қызылжар су» серіктестігінің мамандары хабарлады. Тек жеке тұлғалардың қарызы жиырма бір миллион теңгеге жетіп отыр. Қара тізімге 2600-ге жуық тұтынушы кірген. Ал заңды тұлғаларға тиесілі борыш сомасы одан екі есе көп.

Қарыз мекемелердің арасында Петропавл әуежайы да бар. Нысан коммуналдық төлемді 2013 жылдан бері өтемеген. Бүгінде берешегі екі жарым миллион теңгеге жетті. Жауапсыз тұтынушылармен күресуден шаршаған «Қызылжар су» тиісілі ақшасын енді сот арқылы өндіріп алмақ.

Әсел Серғалиева, Петропавл қаласы «Қызылжар су» ЖШС заңгері:

Жыл басынан бері сотқа 291 өтініш жолданды. Сот шешім шығарған соң қарызды сот орындаушылары өндіріп береді деп ойлаймыз. Айта кету керек, былтыр осылай ісі сотқа өткен компаниялар қарызын қайтарған.

Абзал ҚҰРМАНКИН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах