$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте карантин кезінде той жасайтындар көбейді

AstanaTV
13.10.2020ж. 20:00
2570
Шымкентте карантин кезінде той жасайтындар көбейді

Солтүстік пен батыста кейбір аудандар карантинге жабылып жатқан шақта оңтүстікте күнде той. Әсіресе Шымкент жұрты сақтық шараларын керек қылатын емес.

Мамандар, Шымшаһарда күні-түні тексерулер жүргізіп жүздеген айып пұл салды. Алайда оның көмегі тиетін емес. Мұнда күнде бір той. Қыз ұзату, үйлену, беташар, сүндет той, бесікке салу сияқты той-домалақты ел қоятын емес. Көпшілік медициналық бетпердені керек қылатын емес, топтасып көңіл көтереді, дейді жауапты органдар. Бекітілген ережені кәсіпкерлерде менсінетін емес. Олар, қонақтарды артқы есіктен кіргізіп алатын болған. Осыны білген мамандар бір тәулік ішінде қаладағы 102 нысананы тексеріп соның жартысын жауапқа тартты. Карантин басталғалы бері мұнда жиыны 38 млн теңгенің айып пұлы салыныпты.

Айгүл ТҰРЫМБЕТОВА,  ШЫМКЕНТ қ. ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Біздің халқымыз үйімізде жасай саламыз бесік тойымызды немесе тойханаға заказ беріп, тығылып істей саламыз деген ойменен жасап жатқан адамдар өте қателесіп жатыр. Себебі ол жерде туған-туыстар кездеседі, бір-бірімен амандасып, сүйісіп қауышу бар, ол бірінші қарым-қатынас аурудың таралу жолы.

Рейд Шымкентте ғана емес Түркістан облысы бойынша жүрді. Аймақ бойынша бір тәулік ішінде, 236  отбасылық мереке анықталып анықталып отыр. Мобилді топтар, шілденің 5 мен қазанның 10 аралығында 30 мыңға жуық нысанды аралап, 4 мыңға жуық ереже бұзушылық анықтапты. Оларға аймақ бойынша 150 млн теңгенің айып пұлы салынған. Мамандардың, тойханаларды аңдуы бекер емес. Шымкентте соңғы бір тәулік ішінде 4 адамнан қытайлық індет табылып отыр.

А. Төребекқызы