Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанның бірқатар аймақтарында карантиндік шаралар күшейтілді

AstanaTV
13.10.2020ж. 20:00
2137
Қазақстанның бірқатар аймақтарында карантиндік шаралар күшейтілді

Бірқатар аймақтарында карантиндік шаралар күшейтілді. Оған коронавирус жұқтырғандардың көбеюі себеп болған. Мәселен Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше аудан блок-бекеттерді қайтарды. Атырауөңірі локдаунға көшті. Ал, Маңғыстауда қоғамдық орындардың жұмысы шектелді.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Теріскейде жағдай күрделене түскендіктен билік тарапы Ресеймен шекаралас тұрған Солтүстік Қазақстан облысының екі қаласында қатаң карантин жариялаған. Мамлют пен Булаев қалаларының жан-жағынан алты блок-бекеті орнатылды. Шаһарға тек арнайы рұқсаты бар адамдар ғана кіріп жатыр.

Полицейлердің айтуынша, аймақта карантиндік шараларды елемей жатқандар жетіп артылады.

Әсемгүл ӘЛІБАЕВА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:


Облыс бойынша ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425 бабы бойынша барлығы 1547, ал Петропавлда 745 құқықбұзушылық анықталды. Бұлардың көбінесе бетперде тақпауы немесе дүкендердің кешкі оннан кейін жұмыс істеулеріне байланысты.

Соңғы күндері Атырау облысындада жағдай күрделеніп кетті. Эпидемиологтар өткен аптамен салыстырғанда індет жұқтырғандар саны екі есеге артқанына алаңдаулы. Сондықтан карантин шараларын күшейткен. Спорт залдары мен фитнес орталықтарының жұмысын қайта тоқтатты.
 
Гүлнәз ЕРБАТЫРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Азық түлік, азық түлік емес базарлар қызмет атқармайды демалыс күндері. Бұл шаралардың барлығы да эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыздануына байланысты қосымша шектеу шараларын енгізіп отырмыз. Өткен аптада 21 адам тіркелсе, осы аптада 42 жағдай тіркеліп, екі есеге өсіп отыр ауру.

Карантиндік шараларды күшейту Маңғыстау облысында да қолға алынды. Аймақта 17 адам аталған дертке шалдыққан.

Ғазиз НАДУЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН  ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:
 
Қоғамдық тамақтану орындарына кешкі демалыс орны ретінде арнайы пайдаланбас үшін, тек тамақтану үшін пайдалану үшін адамдардың орнын отызға дейін қысқарттық және сағат кешкі 21-00де жұмыстарын тоқтату керек.

Осылайша денсаулық сақтау министрлігінің өткен аптада жасаған болжамына қарамастан, карантиндік шаралар бірқатар аймақтарда бүгіннен-ақ күшейтіліп жатыр. Жергілікті биліктегілер жаздағы жағдайдан сабақ алған болса керек, "сақтансаң сақтайды" қағидасын ұстанған сияқты. Айта кету керек, өткен тәулікте covid-19 вирусын республика бойынша 70 адам жұқтырған. Ал коронавирустік пневмонияның төрт жағдайы анықталыпты.   

А.Құрманкин